Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған аумақтық департаменттер жанындағы консультативтік кеңесші орган болып табылады.

Еріктілер кеңесінің негізгі міндеті – мемлекеттік қызметшілер арасындағы волонтерлік қызметті үйлестіру, ерікті қызметке қатысуын кеңейту, әлеуметтік жауапкершілік, өзара көмек және мейірімділік сезімін қалыптастыру. Бұл бағытта заңды тұлғалар мен мемлекеттік мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды қалыптастыру.

2025 жылдың желтоқсан айында Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Алмалы ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері және Еріктілер кеңесі мүшелері мердігерлік ұйыммен бірлесе отырып, ауладағы қарларды тазалауға атсалысты.

Мұндай іс-шаралар «Еріктілер кеңесінің» жұмысын жақсарту және оның алда қойылған міндеттер мен мақсаттарды іске асырудағы тиімдлігін арттыруға және мемлекеттік қызметтің имиджін халық арасында арттыруға бағытталған.

Алдағы уақытта «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органдарының мүшелерімен халыққа көмек көрсетуге бағытталған басқа да іс-шараларға қатысатын болады.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының бас маманы Әуезов Н.С.

Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаттары айқын

Азаматтар өзінің заңды құқығын біліп, өз мүддесін қорғауға қабілетті...

Татуластыру тетігін таңдау тараптардың еркінде

Азаматтық сот ісі заңдылыққа сүйене отырып дауларды әділ шешуді,...

Жасанды интеллект сот жұмысына серпін береді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды цифрландыру және жасанды...

Ерекше іс жүргізудің тиімділігі неде?

Елімізде жүргізіліп жатқан сот реформаларының басты мақсаты – азаматтардың...

Ашық сот процесі халық сенімін нығайтады

Сот жұмысы ашық, қолжетімді болған сайын азаматтардың сотқа деген...