Еріктілер кеңесі мүшелері ардагерді құттықтауға қатысты

Ұлы Отан соғысының қатысушысы, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагері Анатолий Назарович Попов 100 жасқа толды.

Ағымдағы жылдың 13 қаңтарында Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық қызметінде 30 жылға жуық еңбек еткен ардагер Анатолий Назарович Попов өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтті.

Осыған орай, Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы әріптестерімен бірге ардагерді арнайы барып құттықтады.

Сонымен қатар, Анатолий Назаровичке Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Сағынтайқызы Бейсенованың құттықтау хаты табысталды.

Іс-шараға Еріктілер кеңесінің мүшелері белсенді қатысып, мерейтой иесіне ерекше құрмет көрсетті. Волонтерлер ардагерді құттықтау жұмыстарына атсалысып қана қоймай, іс-шараны ұйымдастыруға қолдау білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді. Сонымен қатар, олар аға буын өкілдеріне құрмет көрсету мен патриоттық құндылықтарды насихаттаудың маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады.

Мұндай игі бастамалар қоғамдағы сабақтастықты нығайтып, жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы Әуезов Н.С.

Жазбаша іс жүргізу

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 12-тарауында әкімшілік істерді оңайлатылған...

Құқық пен әділет жолына ғұмырын арнаған судья – Абжанов Ербол Тюлюгазинұлы 60 жаста

Құқық қорғау және сот жүйесінде абыройлы қызмет атқарып, кәсіби...

Тілге құрмет – елге құрмет

Біздің  тіліміз – ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл...

ӘРПК: Азамат құқығын қорғаудағы жаңа кезең

Қазақстанда құқықтық реформалардың маңызды бағыттарының бірі — азаматтардың құқықтары...

Қос ішектен төгілген үн – әлем төрінде

Қазақтың қасиетті домбырасы тағы бір мәрте әлем сахнасында күмбірледі....