Ерболат Досаев: Алматыда 2030 жылға қарай тұрғындардың саны 4 миллионға көбейеді

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев 2025 жылға дейін Даму жоспарының негізгі артықшылықтарын талқылау кезінде қала тұрғындарының саны 2030 жылға қарай 4 миллионға жететінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әкімнің сөзінше, мигранттардың көптеп келуі мегаполистің жылдам дамуына әсер еткен. Салдарынан бұл қазір қаланың инфрақұрылымы үшін ауыр жүк болып отыр екен. 

«Қала тұрғындары санының жылдам өсуін есепке ала отырып, Алматы агломерациясында 2030 жылға қарай 4 миллион адам тұрады деп күтеміз. Алматының тұрақсыз дамығанын айта кету керек. Қаланың негізгі ядросына үлкен ауыртпалық түсіп отыр, мұнда сапалы әлеуметтік инфрақұрылм нысандары орналасқан. Олар: мектептер, балабақшалар, ауруханалар мен театрлар, саябақтар және т.б», – деді Досаев өз сөзінде. 

Сонымен қатар ол қаланың жаңа аудандарында адам санының өсімі байқалғанымен, сапалы әлеуметтік инфрақұрылым, қоғамдық кеңістіктер мен жасыл желек жетіспейді дейді.

“Алматы дамуындағы теңсіздікті жою үшін барлық аудандардағы өмір сапасын көпорталықты принцип бойынша бір деңгейге келтіру керек. Оның дамуы үшін негізгі бес орталық дамитын болады: Батыс, Солтүстік, Оңтүстік-батыс, Шығыс қақпасы және Тарихи орталық. Бұл маңызды міндетті орындау үшін жыл соңына дейін Алматының 2040 жылға дейінгі жаңа Бас жоспары дайындалады”, – деп қосты қала әкімі.  

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....