«Ералаштың» бұрынғы режиссері педофилия үшін сотталды

«Ералаштың» бұрынғы режиссері Илья Белостоцкий 14 жылға бас бостандығынан айырылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Сот жабық режимде өтті.

«Солнцево ауданаралық прокуратурасы прокурорының ұстанымын ескере отырып, сот Белостоцкийді қатаң режимдегі түзеу колониясында жазасын өтей отырып, 14 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды», — делінген хабарламада.

Тергеу барысында Белостоцкийге 14 жасқа толмаған балаға әдепсіз әрекеттер жасады деген айып тағылған. Ал сотта күш қолданды немесе кәмілетке толмаған жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдалану арқылы жыныстық сипаттағы күш қолданды деген айып тағылды. Ол 2020 жылдың қазанынан бері қамауда отыр.

Үкім заңды күшіне енген жоқ, оған шағымдануға болады.

Белостоцкий — ресейлік режиссер, сценарист, актер және продюсер. 2000 жылдардың ортасынан бастап «Ералашта» режиссер болып қызмет атқарды. Киножурналдың баспасөз қызметі тергеудің әділ өтуіне мүдделі екенін айтып, «Ералашта» балалар үнемі бақылауда болғанын, түсірілім кезінде балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінің болғанын атап өтті.

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...

 Родом из бүркітші

ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ ДЛЯ КАЖДОГО ИЗ НАС АССОЦИИРУЕТСЯ С ПРАЗДНИКОМ,...