Ер адам жолаушылар пойызында алкоголь ішкені үшін екі тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

Оқиға 5 қаңтарда Маңғыстау-Алматы бағытындағы жолаушылар пойызында болған. Қызылорда облысы Сексеуіл станциясына келгеннен кейін пойыз бастығының актісімен жолаушы түсіріліп, Желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне берілді. Бұл туралы Көліктегі ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Дәулет Молдаханов айтты.
Көлік полицейлері тексеру барысында Қызылорда облысының 43 жастағы тұрғынын анықтады. Құқықбұзушы жол бойында алкогольдік ішімдіктерді ішіп, балағат сөздер айтып, жолсеріктердің ескертулеріне құлақ аспаған.

«Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 3-бөлігі, яғни алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу және 434-бабы 1-бөлігі, ұсақ бұзақылық бойынша бірден екі хаттама толтырылып, іс Қызылорда облысы Арал аудандық сотына жіберілді», — деді Д. Молдаханов.

Полиция полковнигінің айтуынша, жоғарыда аталған ер адам бір жыл ішінде алкогольдік ішімдіктерді екінші рет ішкені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуда.

«Ағымдағы жылдың 6 қаңтарында Арал аудандық сотының шешімімен аталған құқықбұзушыға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, 2 тәулік әкімшілік қамаққа алынды» , — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айының 5 күнінде жолаушылар көлігінен түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағандары үшін 26 тұлға, оның ішінде жолаушылар пойыздарынан -14, әуе кемесінен – 12 құқықбұзушы түсірілді.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі

Мектептегі мазмұнды шара

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ел аумағындағы білім ошақтарында салт-санамызды...

Жаңа Конституция ел игілігі үшін

Жаңа Конституция – мемлекеттің даму бағытын айқындайтын маңызды құжат....

Мәулен Әшімбаевтың жаңа мақаласы: Президент Тоқаевтың бағыты Қазақстанға мүмкіндіктер терезесін қалай ашады?

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың «Реформалар мәні-6: Құбылмалы әлемдегі стратегиялық...

Мәулен Әшімбаевтың жаңа мақаласы: Президент Тоқаевтың бағыты Қазақстанға мүмкіндіктер терезесін қалай ашады?

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың «Реформалар мәні-6: Құбылмалы әлемдегі стратегиялық...