Еnpf-otbasy.kz сайтында ақау шықты

Қазақстандықтар enpf-otbasy.kz сайты жұмысындағы олқылықтарға шағымданады. «Отбасы банк» пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ең төменгі жеткілікті шек деңгейі сәуірде өзгереді. Желі қолданушылары enpf-otbasy.kz сайтына кіруде проблемалар туындап жатқанын айтқан. Бұл платформа арқылы зейнетақының бір бөлігін «Отбасы банкіне» аударуға болады.

Бір күн бұрын «Отбасы банк» enpf-otbasy.kz сайтына кіруде қиындықтар туындауы мүмкін екенін ескерткен болатын.

«Достар, өтініштердің көптігіне байланысты enpf-otbasy.kz платформасының өнімділігі төмендеп жатыр. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», — деді банк өкілдері.

Кейінірек «Отбасы банк» IT мамандары платформа бойынша жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

Заң мен тәртіп – құқықтық мемлекеттің негізі

Құқықтық мемлекеттің басты құндылығы – заңның үстемдігі, азаматтардың құқықтары...

СУДЬЯ ӘДЕБІНІҢ КОДЕКСІ – КӘСІБИ ӨЛШЕМДЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫ

Сот төрелігі – заңды қолдану ғана емес, әділдікті жүзеге...

Салауатты өмір салтына бірге: сотталғандар жолдастық ойын өткізді

Семей қаласындағы футбол алаңында Абай облысы бойынша қауіпсіздігі барынша...

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту

        Мемлекеттік тіл — кез келген елдің рухани байлығы, ұлттық...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ

Мемлекеттік тіл – елдің қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі маңызды...