12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Еңбек дауларын қарау тәртібі

Еңбек даулары бүгінде ең өзекті және күнделікті мәселелердің қатарында. Өзінің еңбек құқығын қорғауда әр азамат, яғни, жұмыскер заңмен тыйым салынбаған  барлық тәсілді пайдалануға құқылы. Еңбек дауларының басым көпшілігі жұмысшылардың жалақыны өндіріп алу, айлықты көтеру, қауіпсіздік сақталмау сынды, т.б.  талаптарына байланысты болып келеді. Жалпы алғанда мұндай даулардың жеке және ұжымдық, талап қоятын және талап қоймайтын түрлері бар. Еңбек даулары негізінен тараптардың келісімімен немесе сот тәртібімен қаралады. Тараптардың келісімімен еңбек дауларын келісім комиссиясы қарауы мүмкін.

Жеке еңбек даулары бойынша алдымен келісу комиссияларына,  содан кейін ғана сотқа жүгінуге болады. Бұл норма Еңбек кодексімен міндеттелген. Яғни, жұмыскерлердің немесе жұмыс берушінің келісу комиссиясына жүгінуі олардың арасында туындаған жеке еңбек дауын сотқа дейін реттеу тәртібінің міндетті сатысы болып табылады. Бірақ, келісу комиссиясын құру жоғарыда аталған кодекспен реттелетін жұмыскерлердің жекелеген санаттарына, атап айтқанда, әскери, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қолданылмайды.

Келісу комиссиясы мен сот жеке еңбек дауларын заңмен көзделген мерзімде қарайды. Мысалы, жұмысқа қайта алу бойынша дауда  жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы актісінің көшірмесін келісу комиссиясы алған күннен бастап бір айда қарауы тиіс. Келісу комиссиясының шешімі орындалмай, іс сотқа түссе, оның қаралу мерзімі комиссия шешімінің көшірмесі тапсырылған күнді қоса есептегенде екі айды құрайды. Сондай-ақ, жеке еңбек дауларында келісу комиссиясынсыз тікелей сотқа жүгінуге құқығы бар еңбеккерлердің жұмысқа қайта алу туралы талабы еңбек шартын тоқтату туралы жұмыс беруші актісінің көшірмесі табыс етілген немесе ол жөніндегі хабарлама тапсырысты хатпен поштамен жіберілген сәттен бастап үш ай, ал қалғандары жұмыскер немесе жұмыс беруші өз құқығының бұзылғанын білген күннен бастап бір жыл ішінде қаралады.

Еңбек кодексімен айқындалғандай, келісу комиссиясы өтінішті түскен күні тіркеуі керек. Әрі оны он бес жұмыс күні ішінде қарап, шешімнің көшірмесін тараптарға үш күннен кешіктірмей беруге міндетті. Жеке еңбек дауларында соттың жұмысшыны бұрынғы жұмысына қайта алу туралы шешімі дереу орындалуға жатады. Келісу комиссиясының шешімімен бір жақ толықтай немесе оның бір бөлігімен келіспеуі де мүмкін. Ондай жағдайда бұл дау реттелмеген болып есептеледі. Соған орай,  комиссия шешімімен келіспейтін тарап сотқа жүгіне алады.

Жұмыс берушінің актісінде Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын тоқтатуға негіз болған жайт көрсетілуі тиіс. Жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату немесе бұзу туралы актісін жарамсыз деп тану, сонымен бірге жұмыскерді жұмысқа қайта алу, т.б. еңбек дауларын шешкенде соттар Еңбек кодексін басшылыққа алып, тиісті заңдар мен ҚР Жоғарғы Сотының «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысына сүйенеді.

Мұхит Мұқашев,

Маңғыстау облысының мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

Түркістанда «Заң және Тәртіп — қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына...

Қызылордада сотталғандарға «Дін және тарих тағылымы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №68 мекемесінде тәрбие бөлімінің...

Мектеп оқушылары және колледж студенттерімен кездесу

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай...

Қызылордада сотталғанға есірткі жеткізбек болған азамат анықталды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның №60 мекемесінде тыйым салынған заттарды...

«ҚАЗАҚ» ӨЗ ОҚЫРМАНЫМЕН ҚАЙТА ҚАУЫШТЫ

1994 жылы ата-бабаларымыздың құрып, аманаттап берген тәуелсіздігін қайта тіктеп,...