Енді баспана беру кезінде кезекке тұрған мерзім ескеріледі

Баспана кезегіне бұрынырақ тұрғандар сәйкесінше пәтерге алдыңғы кезекте ие болады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тұрғын үй саясатын реформалау жөніндегі заңда осы мәселе ескерілген. Жаңа тәртіпке сай енді азаматтарға баспана беру олардың кезекке алынған мерзіміне байланысты қарастырылады.

Бұрын баспананы үлестіру азаматтардың белгілі санатына сай іске асырылатын. Тағы бір маңызды тетік — баспана кезегінде тұрған азаматтардың табыс деңгейіне назар аударылады.

Яғни кірісіне сай жалдау құнын мемлекет тарапынан субсидиялау немесе жеңілдетілген ипотекалық қарыз беру мүмкін болады.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.