Гүлжан Сабырбаева, Алматы қаласы № 7 қалалық клиникалық ауруханасының Гематология бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты гематолог-дәрігер:
Емнің нәтижесі — кәсіби біліктілікті танытады
Гүлжан Амангелдіқызы, әуелгі кезекте гематология туралы түсінік берсеңіз?
Гематология – XVII ғасырдың басында ғылым ретінде танылып, бастау алған. Сол кезде қан жасушалары – эритроцит және лейкоцит ашылған. Екі ғасыр өткенде ғалымдар гематологияның функциясын зерттеп, зерделеп, адам ағзасы қанда тромбоцит құрылатынын дәлелдеді. Десек те, бүгінгі таңда жаңадан пайда болған ауру іспетті саналады.
Гематология — қанның қалай түзілетінін, жалпы қан құрылымы жүйесін танып білуге қол жеткізді. Әлбетте, сүйек кемігі майы (костный мозг) medulla ossium, лат. medulla — милық, os — сүйек — қаңқа сүйектерінің жілік бастарындағы, омыртқа денелеріндегі және жалпақ сүйектердегі сүйек кемігі тақташаларының аралықтарындағы ұяшықтарды толтырып тұрған қан түзуші мүше екендігі анықталып, адамзаттың кеуде бөлігіндегі әрбір мүше зерттелді. Өткен ғасырдың ортасында бүкіләлемдік ғылымға гемотологияны зерттеудің түрлі әдістері ұсынылды.
Бүгінгі күні, гематология ғылымы қарыштап алға басып кетті. Үш жүз жылда ауруға диагноз қою және оны емдеуде үлкен үзіліс болды. Қазір ғылым осы саласының дамуының нәтижесінде адамдардың өмір сүру деңгейі артты, статистикалық мәліметтер бойынша анағұрлым жақсарды.
Қан аурулары жүйелі ауру болғандықтан, диагноз қою қиындықтар туғызады. Сондықтан мамандар оны өзге патологиялардан бөлек, арнайы гематологиялық зерттеулер жүргізеді.
Тромбоцит, эритроцит, лейкоцит: қан клеткаларының әртүрлі функциялары немесе санының өзгеріп, құрылымының бұзылуы анықталғандықтан қан ауруларының әртүрлі топтағы потологиялық жағдайы жеткілікті және кең көлемде ұсынылған.Қан ауруларының басым бөлігі қан кетуінің ауырлығымен білінеді. Жиі кездесетін жағдай, егер науқас еренсіздік танытып, дәрігердің кәсіби көмегін алмаса осы сырқатқа душар болады. Баса айтатын жайт – гемотологиялық аурулар жұқпалы емес. Тек, адам өз ағзасындағы өзгерістерді сезініп, тыңдап, дәрігерлік тексерулерден белгіленген уақытында өтіп жүрсе емделеді. Барлығы адам ағзасына байланысты болады. Емдеу процесі қысқа болуы немесе ұзаққа созылуы мүмкін.
Қазақстанда бұл ауруды емдеу қашан, қалай басталды?
Республикамыздағы ең бірінші әрі бірден-бір Гематология бөлімі республикалық қан құю станциясы базасында 20 төсектік болып, 1962 жылы Алматыда ашылды. 1980 жылы гематолигия бөлімшесі Алматыдағы мемлекеттік медицина инстититутының клиникалық базасы болып, республикалық клиникалық ауруханаға орналасты. 1991 жылы ересектердің гематологиялық бөлімі 40 төсектік болып республикалық гематологиялық орталық құрамымен №7 қалалық клиникалық ауруханағаға ауыстырылып, жұмысын жалғастырды.
Гематология бөлімін 15 жыл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас гематологы, медицина ғылымының кандидаты, жоғары санатты дәрігер Георгий Яковлевич Грискин басқарды.Ол бөлім дәрігерлерінің бойына адалдық пен жауапкершілік, гумандық, жоғары кәсіби біліктілік ұстанымдарын сіңірді.
Бөлімшеде жоғары санатты елімізге танымал гематолог-дәрігерлер еңбек етті. Атап айтқанда, Ғазиза Нүркеева республика бойынша гематолог -дәрігерлердің күрделі клиникалық жағдайларға қатысуы үшін біліктілігін көтеру мақсатында лекциялар оқып, курстарға жетекшілік етіп клиникалық мәселелерді реттестіруді оқытты. Тәжірибе — жұмысқа деген ынтамен, жылдар бойы қажырлы еңбекпен толығатынын саналарына сіңірді. Нәтижесінде қан аурулары бойынша республикамыздағы алғашқы гематология саласына арналған алғашқы ғылыми еңбек пайда болды.
Бөлімшеге 20 жыл бойы жетекшілік еткен Сәуле Қыстаубаева ұйымдастыру қабілетінің мықтылығымен ұжымды біртұтастандыра білді. Бөлімше қызметкерлерімен С.Д. Асфендияров атындағы Қазақстанның Ұлттық медицина университетінің ішкі аурулар кафедрасы қызметкерлерімен бірлесе педагогикалық әрекеттер және ғылыми-зерттеу, емдеу диагностикасын жоғары деңгейге көтерді. Бөлімде емдеу және ғылыми жұмыстарды жариялауда м.ғ.д. Р. Күзденбаева, м.ғ.к. Э. Ғаббасова ғылыми мақалалар жазып, белсенділік танытып, дәрігерлердің республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларға қатысуларына себепші болды.
Бөлімшені білікті маман Жадыра Шериаздан басқар жылдары 2014 жылы Жыл қорытындысы бойынша гематология бөлімшесі еліміздегі ең жақсы клиникалық бөлімше деп танылды. Израил, Ресей, Корея, Германия елдерінде бөлімше дәрігерлері тәжірибе алмасып, кәсіби біліктіліктерін жетілдірді.
Гематология бөлімшесі С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ клиникалық базасы болып табылады. Бөлімшені профессор м.ғ.д. А Қосанова бақылап отырды. Сондай-ақ, 2019 жылдан бері профессор м.ғ.д. Райгүл Рамазанова да бақылап, кеңес беріп арасында дәрігерлермен бірлесе палаталарға аралап кеңес беріп өзекті мәселелер бойынша семинарларға, ғылыми-тәжірибелік конфренцияларға қатысады. Қазақстанның өзге өңірлерінен келетін курсанттармен де жұмыс реттелген.
Заманауи препараттарды пайдалану туралы не айтасыз?
Гематология бөлімінде таргеттік терапия, жоғары дозалы химиялық терапия секілді қан ауруларын емдеу жолға қойылған. Соңғы жылдары иматиниб, нилотиниб, дазатиниб, ибрутиниб, леналидомид, бендамустин, даратумумаб, ритуксимаб, руксолитиниб, элтромбопаг, бортезомиб, децитабин, азацитидин деп аталатын препараттармен гемобластоз терапиясын емдеу қосылды. Гематология бөлімінің қызметкерлері көп орталықты рандомизировалық зерттеулерде екі топтағы сырқаттарға түнгі пароксизмальды гемоглобинурлы (ПНГ) жүргізілген үш бөлімнен тұратын rVA576, — препаратымен емдеу тиімді әрі қауіпсіз.
Гематологиялық аурулардың диагостикасы стандартты ақпараттық диагностикалық әдістер көмегімен анықталады. Қан ауруларын емдеу және толығымен заманауи іс қағаздарына сәйкес, қан түзуші мүше -сүйек кемігі майына (костный мозг) цитологиялық, цитогенетикалық, иммунологиялық, иммуногистохимиялық, иммунохимиялық тәуліктік зерттеулер жүргізіледі.
Бүгінгі таңда гемодинамика параметрлері белсенділігімен әрі жиілігімен, көп мөлшерлілігімен алаңдатып, гемокомпонентті терапия ілеспесімен науқастарды тұрақты түрде, әрі деркезінде (кейде күн сайын, сағаттық) бақылауды қажетсінгенімен зертханалық жағдайының мониторингі өмірлік мәні зор ағза функцияларына тәуліктік назар аудару мен қадағалауды талап етеді.
Ауырғаны білінбегенімен адам өміріне қауіпті көк бауырды емдеудің де жолы республикамызда дұрыс та тұрақты жолға қойылыпты. Науқастар енді емделу үшін шет елдерге сабылмайтын шығар?
Орташа өмір сүру ұзақтығы көбейіп, гематологиялық ауруларды емдеуде заманауи әдістерді қолдану диагностикасының жетілуіне байланысты соңғы уақытта науқастар санының таралуы артты. Оны емдеудің негізгі әдісі бағдарламалық химиялық терапия болып табылады.
Негізі республикамызда гематологиялық қызмет көрсететін 50 төсектік гематологиялық бөлімше және күндізгі стационар гемотологиялық кабинет бар.
Гематология бөлімшесіндегі гематолог-дәрігерлердің тәуліктік кезекшілігі диагностиканың уақтылы, компонентті гемотрансфузиялық терапия мен кәсіби терапияның үзіліссіз жүргізілуіне мүмкіндіктер тудырады. Сондай-ақ гематолог-дәрігерлер қаладағы емдеу мекемелерінде тәуліктің кез-келген уақытында қажеттілікке орай мамандандырылған кәсіби кеңестер береді. Осыны есепке ала отырып, 2017 жылы қосымша мейірбикелік постымен 5 төсектік интенсивті терапия палатасы ашылды.
2020 жылдан бері Алматы қаласының № 7 қалалық клиникалық ауруханасындағы әрі оңтүстік астанадағы жалғыз қалалық гемотологиялық кабинет болып саналады. Кабинет қызметі – халықты кәсіби, әрі қол жетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету. Бұрын анықталған қан жүйесі ауруларын жылдам анықтап, науқасты дер кезінде ауруханаға жатқызып, тәуліктік медициналық бақылауды қажет етпейтін науқасқа бағдарланған химиятерапиямен қамтамасыз ету болып табылады. Гематолог дәрігердің сапалы, әрі дер кезінде көрсеткен қызметінің нәтижесінде мәжбүрлі және қымбат стационарлық көмекке тәуелді болатын науқастар саны азайды.
Гематалогиялық кабинеттің бөлімшеде орналасуы кафедра қызметкерлерімен бірлесе, дәрігерлер консилиумын дереу ұйымдастырып стационарлық емдеу үшін науқастарды дұрыс іріктеуге мүмкіндік тудырады. Гематологиялық кабинет жыл сайын 10 000 астам адамды қабылдайді. Біздің науқастардың ерекшелігін есепке ала отырып, ПХТ курсының ұзақтығы секілді (науқас стационардан кейін амбулаторда емделуін жалғастырады) жекелеген гемотрансфузия сондай-ақ диагностикалық манипулияциялар сағаттап бақылауды талап етеді. Сондықтан стационарлық төсектерді кемітпей қосымша 10 төсектік күндізгі стационар ашу қажеттілігі туды. Күндізгі стационарда жыл сайын 450 дейін науқастар емделеді.
Сіз басқарып отырған гематология бөлімшесінде дәрігерлердің көк бауырға нақты диагноз қойып, емдеуді дереу бастап жіберетініне, бөлімшенің мұнтаздай тазалығына елдің ілтипаты ерекше. Саусақпен санарлық дәрігерлеріңізді бөлмей, орта және кіші медициналық қызметкерлеріңізді тыс қалтырмай атап өтсеңіз?
Мемлекет тапынан тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсететін гематология бөлімінде жұмыс істеуге жағдай жақсы жасалған. Соны жете түсінетін қызметкерлеріміз өзара түсіністікпен әдемі аура түзе білді. Бұл дәрігерлердің, орта және кіші медициналық қызметкерлерінің тұрақтылығына, ең бастысы әр қызметкер функционалдық міндетін кәсіби тұрғыда атқаруына негіз болды. Гемотология бөлімінде 20 жылдан астам уақыттан бері еңбек ететін дәрігерлер Кұрманова Гүлнара, Сатбалдиева Алия, Джелдыбаева Алтынай, Алимгазиева Казына, Бижкенова Ирада, Жандыбаева Гаухар, мейірбикелер Татьяна Олешко, Тамара Азимова, Сахида Хайрудинова, Махамбетова Каминур, Зәуре Мажранова, Багила Еристанова, Гульнарям Аулисянова, Шеринай Карягдиева, Умбеталиева Женисгуль, Чагамбаева Камчат, Айгерим Жанабаева, Гульбахыт Буйенбаева, Мақпал Батырбекқызы, Аширгүл Талипова, және кіші медициналық құрамдағы – тазалаушылар Егеубаева Амангайша, Жумабаева Кульсара, Кенжебекова Райхан, Матеева Арай, Нурбакова Алмагуль, Рахымбаева Жибек, Рашидинова гульжахрам, Саздыбекова Амангуль, Гүлнара Құрманғалиева, Мақпал Жанысбаева жұмысын атап өткен жөн.
Салиқалы сұхбатыңызға рахмет!
Нұрбол Әлдібаев,
«Заң газеті»


