Елордалық түрмедегі сотталғандарға Діни ілім алу туралы дәріс сабағы өтті

Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасы мен Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің өзара келісімінің аясында Астана қаласының бас имамы Е.Н. Жүсіпов және Ақмола облысы әкімдігінің Дін істер басқармасына қарасты «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ-нің теолг маманы Д. Тойғалының қатысуымен Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаменті №2 мекемесінде жазасын өтеп жүрген,  діни ұстанушы сотталғандарға дәріс өткізілді, аталған дәріске мекемеде жазасын өтеп жүрген діни ұстанымы бар 50-ге жуық сотталған қатысты.

Жоғарыда көрсетілген дәріс өткізу кезінде, сотталғандар назарына көркем мінезділік және сабырлық туралы келесідей түсіндірмелер айтылды «Қандайда бір сынақ келгенде оны ен бірінші ақылға салып, ол өмірге пайдасы барма жоқпа соны ойлану ең алдымен өзін көркем мінезділікке тәрбиелеу, бұл өмірдегі сынақтардың барлығы уақытша екендігі қандайда бір сынақ болмасын сабыр ету, дұрыс жолдарын қарастыру, бір сынақ келсе сезімге берілмей ақылға салу, сезім қателеседі ақылмен шеу жолдарында қателесу аз болады» т.б. түсіндірмелер айтылды.

Сонымен қоса, Дін мен дәстүрдің тұтастығы туралы, әлемдік Діндердің негіздері туралы толығырақ түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Өткен дәріс сабақтан жазасын өтеуші азаматтар да көптеген ақпарат алғандарын жеткізіп, осындай дәрістерді қайта өткізулерін сұрады.

Жалпы кездесу өткізілген соң имамдармен теолог маман дін жолында жүрген сотталушылар мен жеке кездесулер өткізіп профилактикалық сұхбаттар жүргізілді.

Мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет майоры С. Қалдыбаев «бұндай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады. Көбінде мекемелерде жазасын өтеушілердің Діни білімдері саяз болуына байланысты, кейде олар, теріс ақпаратқа сүйеніп жатады, осы жайттардың алдың алу мақсатында, Діни ілім берудің маңызы зор» екендігін  атап өтті.

От точечных мер – к системному подходу

СИСТЕМНЫЕ НАРУШЕНИЯ ПДД, РОСТ АВАРИЙНОСТИ И ФАКТИЧЕСКАЯ УТРАТА ПРЕВЕНТИВНОЙ...

Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері Денсаулық күнін спорттық жарыстармен атап өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Денсаулық күніне орай...

Тұрақты даму мақсаттары: білім мен қоғамды байланыстыратын жүйелі қадамдар

Қазіргі таңда әлем елдері үшін тұрақты даму мақсаттары тек...

Әділ қоғам  қалыптастыруда білімнің рөлі

Қазіргі кезеңде тұрақты дамудың негізгі шарттарының бірі әділ, ашық...