Елордалық қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде сотталған ұялы телефонды аумаққа кіргізуге тырысты

Астана қаласының аумағында жұмысқа орналасқан сотталған жұмыстан келіп, «Nokia» ұялы телефонын сөмкеде Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің №3 мекемесінің аумағына кіргізуге тырысты. Сотталған А 1 жылға 6 айға бас бостандығынан айырылған, бұған дейін қылмыстық – атқару жүйесі мекемесінің ішкі тәртіп ережелерімен қол қою арқылы таныстырылды, бірақ бұл оған тыйым салынған затты алып өтуге кедергі болмады. Мекеменің тексеру тобының тәжірибелі қызметкерлері сотталғанның ниетін жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді және бұл әрекетті уақтылы тоқтатты. Осы теріс қылық үшін сотталған қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар, сотталғандар ұялы телефонды мекеме аумағына әкелуге тырысқан бір жыл ішінде 5 жағдай.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...