12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Елордалық тергеу изоляторында сотталғандарға арнап ән-күй шырқалды

Ағымдағы жылдың 8 маусымында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ Департаменті ЕЦ-166/1 мекемесінде МКҚК Е.Рахмадиев атындағы «Мемлекеттік академиялық филормония» эстрада және классикалық бөлімінің әншілерімен қайрымдылық концерттік бағдарлама өткізілді. Іс-шара аясында эстрадалық әншілермен «Сарыарқа», «Ойла», және «Екі жұлдыз» шырқалып, бұдан әрі фольклорлық ансамбілінің орындауындағы «Ташауыз», «Терісқақпай» және «Адай» күйі орныдалып, аталған композицияларды орындау барысында сотталған азаматтардың бойында рухы көтеріліп керемет патриоттық сезімдері оянғаны байқалды. Концерттік бағдарлама аталған мекеменің әншісі Диана Майеваның «Арыс жағасында» әнін шырқаумен аяқталды.

Әннің де естісі бар, есері бар демекші, бүгінде, ұлттық аспаптардың әуендері сотталғандар арасында, мекеме қызметкерлері мен іс-шара қонақтарының рухын лезде көтергені байқалды. Залда бір жарым сағатқа жуық уақыт болған классикалық музыканың әсерінен көрерменнің көтеріңкі көңіл күйлерін, қуанышты жүздерін, бойларындағы жеңілдікті сөзбен жеткізу қиын.

Концерттік бағдарламаның соңында Нұр-Сұлтан қаласы ҚАЖ Департаментінің сотталғандар арасындағы тәрбие, әлеуметтік психологиялық жұмыс жөніндегі тобының инспекторы әділет майоры Самат Жиенбекұлы сөз сөлеп, концерттік бағдарламаны орындаушыларға алғысын білдіріп, жұмыстарына шығармашылық табыс тіледі, онымен қоса жазасын өтеуші азаматтарғада жылы тілектерін айтып, туыстарына аман-есен тезірек оралуларын тіледі. Мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Рахимов Қанат Керімбайұлының айтуынша, сотталғандармен тәрбие жұмысының көптеген әдістері бар, олардың бірі мәдени іс-шара өткізу яғни ән-күй, эстрадалық, патриоттық әндерден тұратын концерттік бағдарлама құру. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай әдістеме сотталғандарға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеумен байланысты күнделікті уайымнан құтылуға, сондай-ақ рухани тәрбиелік сезімдерін күшейтуге мүмкіндік береді.     

“Свет маяка надежды” әлеуметтік жобалар ассоциациясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №79 мекемесінде сотталған...

Заключён меморандум о сотрудничестве с Ассоциацией социальных проектов «Свет маяка надежды»

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области,...

«Абай жұлдызы» премиясының жеңімпазы анықталды

Абай облысы, Семей қаласында өткен «Абай жұлдыз» инста-премиясы өңірдің...

ҚАЖ қызметкері құрметті демалысқа шықты

Ұзақ жылдар бойы Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №79...