Елордалық түрмедегі сотталғандармен нұсқаулықтың тармақтары бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді

Ағымдағы жылдың 2 желтоқсанында, Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің №2 мекемесінде жазасын өтеп жүрген,  діни ұстанушы сотталғандармен  жалпы кездесу өтті.

Аталған кездесуге Астана қаласы бойынша ПД экстремизімге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция капитаны Айдос Рүстемұлы Басибековпен полиция капитаны Уалихан Ахметұлы Картанов, Астана қаласы «Ақниет» ақпараттық-үгіттеу бейімдеу орталығының теолг маманы Сагынай Қабдулуахитұлы Рахымжан қатысты.

Кездесу барысында сотталғандарға діни ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді, сонымен қоса ІІМ 08.08.2014 жылғы №503 бұйрығымен бекітілген қағидаларды сақтау туралы дәлірек айтсақ, нұсқаулықтың 11-тармақағы (діни рәсімдерді жатын орынның жанында жеке орындауға жол беріледі), намазды ұжымдық оқу бөлігінде және діни «жамағаттар» деп аталатындарды қалыптастыруды болдырмау жайлы сотталғандармен профилактикалық сұхбат жүргізілді.

Жоғарыда көрсетілген кездесуді өткізу кезінде, «Ақниет» ҚҚ теолог маманы С.Қ.Рахымжан  сотталғандармен сұхбат құра отырып мекеме ішіндегі тәртіпке бағынып күн тәртібін бұзбай нұсқаулыққа сәйкес жеке оқылған намазда көптеген сауап әкелетіні туралы айтты. Аталған кездесуге 40-тан астам сотталған қатысты.

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...