Елордалық түрмедегі сотталғандар еңбек етіп сотпен тағайындалған талаптық шығындарын төлеуде

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты ЕЦ-166/10 қауіпсіздігі төмен мекемесінде сотталғандар еңбек етіп сот шешімімен тағайындалған берешектерін өтеуде. Бұл мекемеде сотталғандар абайсызда жасалған (жол-көлік оқиғалары, қауіпсіздік техникасын бұзу және т.б.) және күш қолданумен байланысты емес  қылмыстар жасағаны үшін жазасын өтейді. Жаза өтеу уақытында еңбек етіп өз жеке қажеттіліктеріне, отбасына қаржылай көмек бере алады. Мысалы, ЕЦ-166/10 мекемесінің өндірістік аймағындағы «Еңбек-Аршалы»  Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (әрі қарай-РМК) филиалының  «Завод дорожных изделии» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде (әрі қарай-ЖШС) 9 сотталған ақылы жұмыспен қамтылған. Аталған кәсіпорын 2022 жылдың 20-22 мамыр аралығында Тәуелсіздік сарайында өткен қазақстандық өндірушілердің дәстүрлі «Ulttyq Onim ірі» көрмесіне қатысты.

Көрмеде қойылған барлық заттар сотталғандардың өз қолымен жасалған, бұл дегеніміз сотталғандардың еңбекке деген ынтасының жоғарлығы екенін білдіреді, сондай-ақ жазасын өтеп болғаннан кейінде қоғам мен еңбекке тез бейімделіп, қайта қылмыс жасалмауына септігін тигізеді дейді ЕЦ-166/10 мекемесінің бастығы әділет майоры Нұрғали Ажиханов.        

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...