Елордалық түрмеде сотталғандарға Діни ілім алу туралы дәріс сабағы өтті

Ағымдағы жылдың 8 маусым күні, Нұр-Сұлтан қаласы Діндерді зерттеу орталығының мамандарымен дәлірек айтсақ, оңалту және бейімдеу бөлім басшысының міндетін атқарушы Арман Нұрахметұлы және аталған орталықтың теолог маманы Құстаубаев Мұратбекпен, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ Департаменті ЕЦ-166/5 мекемесінде жазасын өтеп жүрген,  діни ұстанушы сотталғандарға дәріс сабағы өткізілді.

Өткізілген дәріс сабағы, келесі тақырыптардан тұрады. Ілімнің артықшылығы мен маңыздылығы, ілімнің түрлері;

 — хадис ілімі, тарихы мен әдіснамасы.

 — Құран ілімдері. 

Жоғарыда көрсетілген дәріс сабағын өткізу кезінде, сотталғандарға мұсылман қауымы өмірінің әр алуан діни-құқықтық мәселелерін қамтитын Мұхамметтін сөзі мен істерін дәріптейтін аңыз-әңгімелер айтылып, онымен қоса Хадис — Құраннан кейін екінші құқықтық құжат екендігіде айтылды, оның әр-бір айырмашылығы, мағынасы жік-жіктеп түсіндірілді оның ішінде, Хадис сөзiнiң мағынасы, Хадис пен сүннәттiң айырмашылығы түсіндіріліп, көптеген ақпарат берілді. Өткен дәріс сабақтан жазасын өтеуші азаматтарда көптеген ақпарат алғандарын жеткізіп, осындай дәріс сабағын қайта өткізулерін сұрады.

Бұндай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады. Көбінде мекемелерде жазасын өтеушілердің Діни білімдері саяз болуына байланысты, кейде олар, теріс ақпаратқа сүйеніп жатады, осы жайттардың алдың алу мақсатында, Діни ілім берудін маңызы зор екендігін ескерген жөн.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні...

Жаңа өмірге бастар мүмкіндік

Абай облысындағы ҚАЖ әйелдер колониясында сотталған әйелдерге бостандыққа шығуға...

ЕҢБЕК – ЖАҢА ӨМІРГЕ БАСТАР ЖОЛ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын...