Елордалық колонияның сотталушысы әлемнің пенитенциарлық мекемелерінде ұсталатын сотталғандар арасында өткен халықаралық шахмат онлайн-турниріне қатысты

​​Жеңіс үшін Үндістан, Моңғолия, Филиппин. Австралия, Қырғызстан және т.б. сотталушылары күресуде, жарысқа шахмат шеберлері де, колонияда ойнауды үйренген жаңадан келгендер де қатысады.

​​Турнир Швейцария жүйесі бойынша 7 турдан тұрады, әрбір жасалған жүріс үшін бірінші жүрістен бастап 10 минут +2 секунд. Турнир онлайн режимде chess.com., ойын платформасында өткізіледі. Платформа қорытынды кестедегі орындарды автоматты түрде таратады.

​​Әрбір қатысушы жазасын өтеп жатқан мекеменің намысын қорғауға тырысады. Аталған іс-шараның мақсаты: сотталғандар арасында спорттық-мәдени қарым-қатынастарды нығайту, сотталғандар арасында қызықты және пайдалы демалыс өткізу, сотталғандар арасында шахмат ойынын насихаттау болып табылады.

​​«Сотталғандардың осындай іс-шараларға қатысуы оларды көтермелеу шараларын алуға ықпал етеді, бұл олардың тағдырына одан әрі әсер етеді, сот сотталғанды мерзімінен бұрын босату туралы шешім қабылдаған кезде оның жазасын өтеудің барлық кезеңіндегі мінез-құлқы қарастырылады», – деп атап өтті №2 мекеме бастығы әділет майоры Нұрлан Беков.

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём Республики!

В честь Дня Республики сотрудники женской колонии УИС по...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Республика күнімен құттықтады

Республика күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

В честь Дня Республики прошёл турнир по волейболу

В женской колонии УИС по области Абай в честь...