Елордалық  колонияның психологтары сотталғандармен жұмысында метафорлық ассоциативті карталарды пайданалады

Бүгін, 2022 жылғы  11 қараша айының Астана қаласы бойынша ҚР ІІМ ҚАЖК № 3 мекемесінде психологиялық қамтамасыз ету тобының психологтарымен  метафорлық  ассоциативті карталарды  пайдаланып сотталғандармен психопрофилактикалық сабақ өткізілді.

МАК- карталарды пенитенциарлық жүйенің психологтары терапия және нақты сұраныстарды өндеу әдістерінің бірі ретінде пайданаланды.

«Метафорлық карталармен сабақ барысында біз өзіміз, әлемжәне басқа адамдар туралы көп нәрсені білеміз. Біз бұл әдісті сотталғандармен жұмыста қолданамыз, өйткені ол көп нәрсеге қабілетті: қиын ұақытта қолдау көрсету, дұрыс жолға салу, өзін-өзі түсінуге көмектесу» — дейді № 3 мекемесінің психологы Г.Каликова.

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында жаз мезгілінің көтеріңкі...

Заң мен тәртіп – әрбір отбасының құндылығы

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде «Заң...