Елордалық студенттерге алаяқтардан қалай қорғану керектігі түсіндірілді

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Astana IT University базасында студенттердің құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға, кибералаяқтық пен дропперлік әрекеттердің алдын алуға бағытталған білім беру іс-шаралары өткізіліп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

22-26 желтоқсан аралығында елордалық университетте «Safe and Healthy Week» акциясы өтіп жатыр. Оның мақсаты – нашақорлық, алаяқтық, буллинг сынды қоғамға жат құбылыстардың алдын алу.

Студенттермен кездесулерге беделді мамандар, құқық қорғау органдарының өкілдері және медиа тұлғалар спикер ретінде шақырылып отыр.

«Бүгінгі тақырып – кибералаяқтық. Әсіресе дропперлік мәселесіне ерекше назар аударылуда. Бұл – адам өз әрекеттерінің салдарын толық түсінбей тұрып, банк шоттарын немесе төлем карталарын қылмыскерлерге беру арқылы алаяқтық схемаға тартылып кетуі мүмкін жағдай.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жастарға мұндай әрекеттердің салдарын түсіндіріп, алаяқтардан, соның ішінде интернет кеңістігінде қалай қорғану керектігін үйретіп жатыр», – деді Astana IT University Әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің менеджері Диана Үмбетова.

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...