Елорда тұрғыны Астана қаласының түрмесіне ұзақ мерзімді кездесуге жалған құжатпен кірмек болған

Астана қаласының тұрғыны, өзінің азаматтық некедегі күйеуіне, кауіпсіздігі жоғары мекемедегі ұсталатын күйеуіне ұзақ мерзімді кездесуге кіру үшін жалған жасалған баланың туу туралы куәлігімен келген. Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің №2 мекемесінің кездесу бөлмесіне жауапты қызметкердін айтуынша аталған құжат жалған екендігі туралы бірден күдік туғызған.

Бұл іс-әрекет ҚР ҚК 385 бабының 3 бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттердін қатарына жатады. Кәзіргі таңда Ақмола облысы ПД-нің Аршалы ауданы бойынша полиция басқармасымен ҚР ҚК 385 бабының «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу» 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаменті №2 мекемесінің бастығы Нұрлан Бековтың айтуынша «ҚАЖ қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес, ұзақ мерзімді кездесулер, жұбайымен (зайыбымен), жақын туыстарымен, сотталған адаммен некеде тұрмайтын, онымен ортақ балалары бар адамдарға бірге тұру құқығымен және сәлемдеме алу құқығымен берiледi. Осыған байланысты сотталғандардың таныстары азаматтық некедегі жұбайлары ортақ балдары болмауына байланысты әр-түрлі заңсыз іс-әрекеттерге барып жатады. Алайда мекеме қызметкерлерінің мұхияттығының арқасында ұзақ мерзімді кездесуді заңсыз қолданудың алды алынды».

Ынтымағы жарасқан ел – еңселі ел” тақырыбында іс-шара өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай №79...

Мерекелік концерт өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Атырау...

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандар арасында айтыс өтті

Қазақстан халқының дәстүрлері қоғамдық өмірдің маңызды бөлігі болып қала...