Елорда колониясындағы сотталғандарды жұмыспен қамту

Ағымдағы жылдың 22 тамызда Аршалы ауданы прокуратурасы базасында Аршалы ауданының прокуроры А.Б. Сулейменовамен бірлесе отырып, мекемеде «Пилоттық жоба» жоспарды орындау мақсатында, қылмыстық жазаларын өтеп жүрген сотталғандарды жұмыспен қамтуды ұлғайту бойынша «Аршалы-Енбек» филиалында жұмыс орындарын ашу, сонымен қатар мекеме аумағында жаңа өндірісті ұлғайту үшін кіші және орта бизнес өкілдерін тарту мақсатында жұмыс отырысы ұйымдастырлып өткізілді. Жұмыс отырысына «Еңбек» РМК, «Енбек-Аршалы» филиалының өкілдері және Аршалы ауданы «Атамекен» ҰКП директоры қатысты.
«Қазіргі уақытта барлық сотталғандар жұмыспен қамтылмаған, сотталғандарды еңбекпен қамту мекеменің маңызды бағыты және де қылмыстық-атқару жүйесінде еңбек негіздің бірі болып табылады»-Аршалы ауданының прокуроры Алия Сулейменова атап өтті.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...