Елімізге ТМД аумағында ұрланған 200 көлік әкелінген — ІІМ

Қылмыскерлер ТМД елдерінде ұрланған автокөліктерді Қазақстанға әкеледі. Елімізде осындай 200 көлік анықталған. Бұл туралы ІІМ өкілдері брифингте айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қайталама нарықтағы автокөліктердің негізгі бөлігі Қазақстанға таяу шет елдерден, негізінен Ресейден әкелінеді. Бұл жағдайды қылмыстық элементтер елімізге автокөлік құралдарын жеткізуді ұйымдастыру үшін пайдалануға тырысады», — деді ІІМ Криминалдық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Құдияр Нұрсейітов.

Ол бұл мәселе бойынша Ішкі істер министрлігі ТМД елдерінің құқық қорғау органдарымен тығыз ынтымақтастықта екенін айтты.

«Кейінгі 5 жылда ТМД елдерінде Қазақстанда ұрланған 50-ден аса автокөлік табылды. Өз кезегінде біздің елімізде ТМД аумағында ұрланған 200-ге жуық автокөлік табылды», — деді Нұрсейітов.

Жыл басынан бері оның айтуынша, елде 909 көлік ұрланған, оның 775-і табылған және заңды иелеріне қайтарылған немесе 85,3 пайызы.

Мемлекеттік тілге құрмет – елге құрмет

Тіл – әрбір халықтың баға жетпес байлығы, рухани қазынасы,...

Заңнама талаптарының сақталуы туралы түсіндірме жұмыстары

Мемлекеттік қызмет саласындағы маңызды міндеттердің бірі - мемлекеттік қызметшілердің...

Тіл болашағы — ұлт болашағы

Тіл – халықтың мәдениеті мен тарихын ұрпақтан ұрпаққа...

Республика күні: Отанға деген құрмет пен патриоттық рухты қалыптастыру

Абай облысы бойынша №21 мекемеде Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі...