Елімізге көптен күткен көктемгі жылу қашан келеді?

Қазақстанға көптен күткен көктемгі жылу қашан келеді? Бұл сұраққа Қазгидромет синоптиктері жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада күн қашан жылынады?

Синоптиктер мәліметінше, елордада 14 наурызда күн жылынада деп күтіледі. Бұл күні, сондай-ақ 15 наурызда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталып, түнде аздаған қар жаууы және бұрқасын болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан секундына 7–12 метр жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы -2…-4 градус болса, күндіз 0…+2 градусқа дейін көтеріледі.

16–17 наурыз күндері Астанада жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы болжанып отыр. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 7–12 метр жылдамдықпен соғады. Түнде температура -3…-5 градус шамасында болса, күндіз +1…+3 градусқа дейін жылынады.

18–20 наурыз аралығында да құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең тұман болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні — 7–12 метр/секунд. Ауа температурасы түнде -5…-7 градусқа дейін төмендеп, күндіз -1…+1 градус шамасында болады.

Алматыдағы ауа райы

Алматыда күн 13 наурыздан бастап жылынады. Бұл күні түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстансоғады, екпіні секундына 3–8 метр. Түнде ауа температурасы -6…-8 градус, күндіз 0…+2 градус болады.

14 наурызда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жел шығыстан секундына 8–13 метр. Түнде температура -5…-7 градус, күндіз 0…+2 градус.

15 наурызда да жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні — 5–10 метр/секунд. Түнде -3…-5 градус, күндіз +2…+4 градус.

16 наурызда түнде -1…-3 градус, ал күндіз +3…+5 градус жылы болады. 17 наурызда түнде шамамен 0 градус, күндіз +4…+6 градусқа дейін көтеріледі.

18 наурызда түнде +0…+2 градус, күндіз +8…+10 градус күтіледі. Ал 19–20 наурыз күндері түнде жаңбыр аралас қар, күндіз жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде +0…+2 градус, күндіз +10…+12 градусқа дейін жылынады.

Шымкенттегі ауа райы

Шымкентте ауа температурасы нөлден жоғары мәнге 12 наурызда көтеріледі. Бұл күні құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болжанып, кей уақытта тұман түсуі мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр. Түнде -9…-11 градус, күндіз +2…+4 градус болады.

13 наурызда түнде -4…-6 градус, күндіз +6…+8 градус күтіледі. 14 наурызда түнде -3…-5 градус, күндіз +8…+10 градус болады. 15 наурызда түнде -2…0 градус, күндіз +10…+12 градусқа дейін жылынады.

16 наурызда түнде +0…+2 градус, күндіз +13…+15 градус күтіледі. 17 наурызда күндізгі температура +15…+17 градусқа дейін көтеріледі.

18 наурызда түнде жаңбыр аралас қар, күндіз жаңбыр жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні — 15–20 метр/секундқа жетеді. Түнде +0…+2 градус, күндіз +16…+18 градус болады.

19–20 наурыз күндері де жаңбыр аралас қар мен жаңбыр күтіледі. Түнде ауа температурасы +1…+3 градус, күндіз +13…+15 градус шамасында болады.

Өңірлердегі ауа райы

Синоптиктер болжамынша, Қазақстанның көптеген өңірінде шамамен 15–16 наурыздан бастап күн жылына бастайды. Ал ең жылы күндер 17–20 наурыз аралығында күтіледі. Осы уақытта елдің басым бөлігінде ауа температурасы тұрақты түрде нөлден жоғары болады.

Депутаттар әскери ерлі-зайыптыларға берілетін төлемді қысқартуды ұсынды 

Мәжіліс депутаты Болат Керімбек “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнаулы мемлекеттік органдарының қызметі мәселелері бойынша және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы” заң жобасы аясында бюджет қаражатын үнемдеуге бағытталған түзетулерді таныстырды.

Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдау ережесі өзгереді

1 сәуірден бастап Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңартылған тәртібі енгізіледі. Жаңа жүйе іріктеу процесін толыққанды цифрландырып, конкурс рәсімдерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

Тегерандағы шабуылдардан ДДСҰ кеңсесіне зақым келді 

Иран астанасына жасалған шабуылдардан Тегерандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңсесі зақымдалды.

1 сәуірге валюта бағамы 

ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды.

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгертілді 

Елімізде бірінші сыныпқа құжат қабылдау процесіне өзгерістер енгізілді.