Еліміздің дәріханаларынан арзан дәрі-дәрмектер жоғалып кетуі мүмкін

Кейбір дәрі-дәрмектердің шекті бағалары туралы бұйрық шыққанқан кейін қазақстандық дәріханаларда фуратонин, андипал, деолозин, ибуфен сияқты препараттарды сатылуының тоқталуына әкелді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында денсаулық сақтау министрлігі фармбақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, арзан препараттар елге жеткізілмейді, себебі сатып алу бағасы денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығында жазылғаннан жоғары (сатудың шекті бөлшек бағалары туралы). Бірақ бұйрыққа өзгерістер енгізілмек. 

Ол бұл препараттар 50-ден 1000 теңгеге дейінгі баға санатында екенін нақтылады.

«i-teka дейтін арнайы сайт бар, мысалы, біз жақында диазолинді де көрдік, ол әртүрлі мөлшерде қол жетімді. Бірақ мен көтерме және бөлшек сауда бағасы жылына екі рет қайта қаралады деп айтқым келеді. Қазіргі уақытта бұл жұмыс аяқталды, бұйрық монополияға қарсы ведомствода, «Атамекен» ҰКП және бизнес — құрылымдармен келісуден өтуде», — деді Байсеркин.

Жақын арада бұйрық Әділет министрлігінде бекітіледі, содан кейін ол күшіне енеді. Дәрі-дәрмектің шекті бағасы қайта қаралады.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...