Елімізде жоғары лауазымдарға тағайындау тәртібі өзгереді

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның екінші отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Президенттің бірқатар жоғары лауазым иелерін тағайындау тәртібіне қатысты ұсыныстарды таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Президент ең жоғарғы лауазымды тұлға ретінде мемлекеттің жұмыс істеуі үшін негізгі жауапкершілікті арқалайды. Осыған орай, Конституцияда Президенттің Құрылтайдың келісімімен, оның депутаттарының жалпы санынан көпшіліктің дауысымен Қазақстан Республикасының вице-президентін, Қазақстан Республикасының Премьер-министрін, Конституциялық соттың 10 судьясын, Орталық сайлау комиссиясының 6 мүшесін, Жоғары аудиторлық палатаның 8 мүшесін тағайындау құқығын бекіту ұсынылады, — деді министр.

Президентке аталған лауазымдарды тағайындауға бір немесе бірнеше рет келісім беруден бас тартқан жағдайда Құрылтайды тарату құқығы беріледі. Бұл құрылым алдын алу функциясын атқарып, саяси күштерді ымыра іздеуге және жауапкершілікпен әрекет етуге ынталандырады.

Жалпы ұсынылған модель Президент пен Құрылтай арасында тепе-теңдік қалыптастырып, Мемлекет басшысының бастамашыл рөлін депутаттар корпусымен шешуші дауыс алу арқылы үйлестіреді. Ұсынылған тәсіл Мемлекет басшысының тағайындауларын тек Құрылтайдың келісімімен жүзеге асыруды қарастыратыны түбегейлі маңызды екенін атап өткен жөн. Бұл ережелер мемлекеттік жүйенің тиімділігін күшейтетіні сөзсіз. Себебі жүйе тұлғаларға емес, мемлекеттік басқару институттарының сапасына тәуелді, — дейді Ерлан Сәрсембаев.

Сондай-ақ конституциялық өзгерістер жобасында Қазақстан Республикасының вице-президенті лауазымына қатысты қызметті қоса атқаруға қатаң шектеулер қарастырылған. 

Ұсынылып отырған нормаларға сәйкес, вице-президент өкілді органның депутаты болуға, саяси партияларға мүше болуға, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға немесе өзге де ақылы қызмет атқаруға құқылы емес.

Министрдің айтуынша, мұндай шектеулер аталған лауазымның саяси ықпалдан ада, кәсіби мәртебесін қалыптастыруға бағытталған. Бұл талаптар Конституцияда бірқатар жоғары мемлекеттік лауазымдарға бұрыннан белгіленген нормаларға ұқсас.

Вице-президентке қойылатын шектеулер өзге де жоғары лауазымды тұлғаларға арналған конституциялық талаптармен ұқсас және бұл қызметтің кәсіби сипатын айқындайды, – дейді Ерлан Сәрсембаев.

2026 жылғы Қазақстанның ең табысты мамандықтары: Кімге көп жалақы төленеді? 

2026 жылдың наурыз айындағы Enbek.kz деректері еңбек нарығындағы қызықты тенденцияны көрсетті. Жұмыс берушілердің ұсынысы мен жұмыс іздеушілердің амбициясы арасында айтарлықтай алшақтық бар. Бүгінгі таңда жоғары жалақы тек мұнай секторымен шектелмейді, ол басқарушылық және жоғары технологиялық салаларға қарай ойысқан.

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1577-ге жетті 

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 1577-ге жетті.

Ақтөбе облысының әкімі әкімдік ғимаратындағы өртке байланысты мәлімдеме жасады

Әкімнің сөзінше, кеше облыстық әкімдік ғимаратында болған өрт толық сөндірілген, жағдай тұрақты, бақылауда.

Қазақстанда мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды

Қазақстанда мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

Зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер: Қазақстанда кім қанша алады? 

Қазақстан соңғы жылдары әлеуметтік саясатты жүйелі түрде күшейтіп келеді. Бүгінде бұл бағыт тек уәде күйінде емес, нақты қаржылық механизмдер арқылы іске асып отырғанын көруге болады.