Елімізде жазғы мектептер қайта жұмыс істейді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Zakon.kz тілшісінің «Мектеп оқушылары үшін оқу жылы ұзартыла ма?» деген сұрағына жауап берді.

Жалпыға міндетті мемлекеттік стандарт бар. Ол меншік нысанына қарамастан барлық ұйымға бірдей. Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бізде оқу жылының басы мен аяқталуы бар дейді. Бұл ретте оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Мен кеше тиісті бұйрыққа қол қойдым. Бірақ соған қарамастан қаңтар айында объективті жағдайларға байланысты біраз уақыт оқи алмағанымызды, сонымен қатар пандемия білім беруге әсер еткенін ескереміз. Осыған орай, былтыр жазғы мектеп өткізу тәжірибесі болған еді. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

Министрдің айтуынша, көп елде жазғы мектептер жұмыс істейді. Олардың кейбірі негізінен оқу жылының ұзақтығын ұлғайтады.

Былтырғыдай биыл да оқушыларға жазғы мектеп өткіземіз. Бұл балалардың білімін жетілдіріп, мұғалімдеріміздің жұмыс істеуге қосымша мүмкіндік алуы үшін қажет. Бұл қосымша шығынды талап етпейді. Асхат Аймағамбетов

Еске сала кетейік, қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты қазақстандық оқушылар мен студенттердің қысқы демалысы ұзартылған еді.

БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Болашақ мұғалім үшін біліммен қатар кәсіби ортада өзін еркін...

КазНУ формирует экологическую культуру

В Казахском национальном университете им. аль-Фараби постоянно проходят мероприятия,...

ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен Ахмет Байтұрсынұлы...

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ ТІРЕГІ

Қазақстан қоғамының бүгінгі даму бағыты – жас буынның әлеуетін...

ҚазҰУ — сапалы білімнің бастауы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-ғасырдан аса тарихы бар, еліміздегі...