Елімізде жұмыртқа қымбаттады

Қазақстанда жұмыртқа бағасы өсті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазанда бірінші санаттағы жұмыртқа бағасы бір айда 6,3 пайызға, ал жылдық өсімде 14,8 пайызға өскен.

Бір айда бағаның ең үлкен өсімі Ұлытау (19,8 пайыз), Павлодар (14,7 пайыз) және Қызылорда облыстарында (13,6 пайыз) тіркелген. Ең төменгі баға Алматы облысында, мұнда 0,4 пайызға өскен.

Бір жыл ішінде Қызылорда облысында жұмыртқа қатты қымбаттаған, яғни баға 52,2 пайызға көтерілген. Одан кейін Қостанай облысында 34,1 пайызға өскен. Ал Алматыда баға, керісінше, 4 пайызға төмендеген.

Жыл басынан бері елде 3,8 миллиард жұмыртқа өндірілген, бұл былтырмен салыстырғанда, 5,3 пайызға көп. Өңірлер арасында өндірісте СҚО көш бастап тұр, мұнда 559,9 миллион жұмыртқа өндірілген. Биылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар жұмыртқаға сұранысты 96,3 пайызға қамтамасыз еткен.

Ал импорт 3,7 пайыз болған. Елге жыл басынан бері 130,8 миллион жұмыртқа әкелінген. Сонымен қатар, экспорт 2,2 есеге өсіп, 184,5 миллионға жеткен.

ЗАКОН И ПОРЯДОК

Сегодня в Казахстане концепция «Закон и порядок» перестает быть...

Цифрландырудың сот төрелігіне қол жеткізуге әсері

Қазіргі таңда қоғамның барлық саласында цифрлық технологиялар кеңінен қолданылуда....

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»»

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі....

Мемлекеттік тілді құрметтеу- парыз

Мемлекеттік тілді құрметтеу - әрбір азаматтың қасиетті парызы. Қазақстан...

Қазақстан Республикасы сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің орны, рөлі мен мәртебесі

Қазақстан Республикасы – көпұлтты мемлекет. Осындай алуан түрлі этностар...