Елімізде жұмыссыздық деңгейі қандай?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов Қазақстандағы еңбек нарығындағы жағдай туралы айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі жыл басынан бері өзгерген жоқ.

«Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстанда жұмыссыздық 4,6 пайыз деңгейінде сақталып отыр. Жұмыспен қамтылғандар қатары жалдамалы жұмыскерлер есебінен өсіп отыр, олардың саны 7,1 миллион адамға жетті, ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны – 2,1 млн адам», — деді ол Үкімет отырысында.

Вице-министрдің айтуынша, елімізде халық саны өсіп жатыр. Соның нәтижесінде жыл сайын еңбек нарығына келіп жатқан жастардың қатары артып жатыр. Болжам бойынша 2035 жылға дейін бұл көрсеткіш жылына 360 мың адамға дейін өсуі мүмкін.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.

IBF боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.

Референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды?

Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді.