12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Елімізде сот ісін жүргізу роботтандырылған жүйе арқылы іске асуда

Пилоттық жоба ретінде 2024 жылғы 30 шілде айынан бастап роботтандыру арқылы әкімшілік құқық бұзушылық істер тіркеліп қаралуда.

Бұл әкімшілік құқық бұзушылық істерді іріктеу мен сотқа жолдау жұмысын жасанды интелект атқаруда.

Яғни, әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарау процесіне жасанды интелект пен роботтандыру технологиялары енгізілді. Бұл жаңашылдықтар құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіріп, процестерді автоматтандыру арқылы  тиімділікті арттыруға бағытталған.

Мысалы, жасанды интелект жүйелері әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, оларды тіркеу және талдау жұмыстарын автоматтандыруда қолданылады. Бұл технологиялар құқық   бұзушылықтарды жылдам анықтап, тиісті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, роботтандырылған жүйелер әкімшілік істерді қарау барысында құжаттарды өңдеу, мәліметтерді жинау және талдау сияқты міндеттерді атқарады. Бұл процестердің жылдамдығы мен дәлдігін арттырып, адами фактордан туындайтын  қателіктерді азайтады.

ӘҚБК-нің 610 бабы жол көлік оқиғасына байланысты полиция қызметкерлерінің істі сотта дереу қарау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының дереу  заңды  күшіне енуі және қысқартылған қаулы алу туралы ұсынысына тараптардың келіскен жағдайда өтінішке қол қою арқылы,  автоматты түрде санаулы минут ішінде толтырып, робот автоматты түрде тексеріп, тіркеп сотқа судьяның қарауына жолданылады.  Сотта жедел қаралып қысқаша қаулы шығарылады.

Ескерту: Егерде өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық  іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адам жасалған құқық бұзушылық жасаған кінәсін мойындаса және жәбірленуші адам (көлік  құралынның  иесі) болған дәлелдемелерді дауламаған жағдайда, сонымен қатар, істі  тараптардың қатысуынсыз  қарауын өтініп  қысқаша  қаулы  шығаруға келіскені туралы өтініш жазған жағдайда ғана, сотта дереу қаралып қысқаша қаулы шығарылады.

Жалпы, роботтандыру және жасанды интеллектіні әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау процесіне енгізу құқық қорғау органдарының жұмысын заманауи талаптарға сай жетілдіруге және және сот әкімшісі мамандарының жұмыс көлемін азайтып, судьялардың уақытын үнемдеуге және азаматтардың құқықтарын қорғауды қаматамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Өскемен қаласының әкімшілік

құқық бұзушылықтар жөніндегі

мамандандырылған соты

әкімшісінің басшысы                                                                          Ш.А.Ислямова

Алқабилер сотының артықшылығы көп

Тәуелсіздік алған сәттен бастап халықаралық стандарттар негізінде адамдардың құқықтары...

Иттің құқығын қорғадық: Таланған халықтың денсаулығын кімнен сұраймыз?

Соңғы жылдары елімізде төрт аяқтылардың құқығын қорғауға көңіл бөліне...

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қоғам үшін қауіптілігі

Бүгінде сыбайлас жемқорлық мәселесі бүкіл әлемнің басты проблемаларының бірі...

Алматы облысының тұрғындары қар суын ерітіп ішіп отыр

ХХІ ғасырда Алматыдай үлкен мегаполистің шетіндегі ауылдар әлі күнге...

Курс на стабильность и развитие

Начало года в Казахстане ознаменовалось чередой значительных событий, которые...