12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Елімізде полиэтилен мен алкилат өндірісі басталады

Еліміз дәстүрлі шикізаттық модельден бас тартып, мұнай-газ химиясы саласында терең өңдеуге және стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асыруға көшті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – 2022 жылы Атырауда іске қосылған жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін алғашқы интеграцияланған газ-химиялық кешен – KPI зауыты. Іске қосылғалы бері мұнда 800 мың тоннадан астам өнім өндірілді. Оның ішінде тек 2025 жылдың өзінде 375 мың тонна полипропилен шығарылған.

Қазіргі таңда KPI зауыты ішкі нарықтағы полипропиленге деген сұраныстың 83%-ын қамтамасыз етіп отыр. Бұл өз кезегінде импортқа тәуелділікті едәуір азайтуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, 2021 жылы Шымкентте жылына 57 мың тонна метил-трет-бутил эфирін өндіретін зауыт іске қосылды. Бұл кәсіпорын ішкі нарықтың сұранысын қамтамасыз етіп қана қоймай, елдің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта саланың дамуы стратегиялық жобаларды жүзеге асыру арқылы жалғасып келеді. Бұл жобалар Энергетика министрлігінің ерекше бақылауында.

Бүгінде жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыттың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Нысанды іске қосу 2029 жылға жоспарланған және ол экономика үшін аса маңызды. Себебі қазіргі таңда еліміздегі полиэтиленге деген ішкі сұраныстың 100%-ы импорт арқылы қамтамасыз етіліп отыр. 

Сонымен қатар, жылына 100 мың тонна алкилат өндіретін зауыт 2027 жылы іске қосылады деп жоспарланған. Қазір жобаның құрылысы қарқын алған. 

Жобалау сатысында тағы екі ірі өндіріс бар: жылына 800 мың тонна карбамид шығаратын кешен және 340 мың тоннаға дейін бутадиен өндіретін жоба. Оларды іске қосу 2029 жылға жоспарланған.

Айта кету керек, полипропилен мен полиэтилен – күнделікті тұтыну тауарлары мен өнеркәсіп үшін мыңдаған өнімге қажет негізгі материалдар. Полипропилен тамақ өнеркәсібінде термотөзімді контейнерлер мен қаптамаларды өндіруде, медицинада – бір реттік ине мен маска жасауға, автокөлік және құрылыс саласында – берік детальдар мен ыстық сумен жабдықтау үшін құбырлар шығаруда кең қолданылады.

Ал полиэтилен икемді қаптамалар, пленкалар, тұрмыстық химияға арналған өте қатты контейнерлер, кабель оқшаулау және газ-бен су құбырларына арналған ұзақмерзімді құбырлар жасау үшін таптырмайтын материал саналады. Бұл полимерлердің отандық өндірісін дамыту тек ішкі нарық қажеттілігін жабуға ғана емес, сонымен қатар жергілікті гранулалардан дайын өнім шығаратын жүздеген шағын және орта кәсіпорындарға шикізат базасын құруға мүмкіндік береді.

Осы бастамаларды жүйелі қолдау үшін Энергетика министрлігі 2024 жылдың қазанында 2030 жылға дейінгі мұнай-газ химия өнеркәсібін дамытуға арналған Жол картасын қабылдады. 

Сонымен қатар, қазіргі таңда «Мұнай-газ химия өнеркәсібі туралы» профильді Заң жобасы әзірленіп жатыр. Жобаларды қажетті шикізатпен қамтамасыз ету механизмдерін заңнамалық тұрғыда бекітіп, жаңа өндіріс бағыттарының пайда болуына және Қазақстанда толыққанды мұнай-газ химиялық кластерін құруға негіз болады.

Қазақстан қысқы Олимпиада тарихында екінші рет үздік көрсеткішке қол жеткізді

Қазақстан құрамасы Италияда өткен 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын бір алтын медальмен аяқтады.

Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды 

Бүгін Алматы, Орал және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр.

Армия в режиме правовой оценки

ИНЦИДЕНТ В ОДНОЙ ИЗ ВОИНСКИХ ЧАСТЕЙ ГВАРДЕЙСКОГО ГАРНИЗОНА, ГДЕ ВОЕННОСЛУЖАЩИЙ СРОЧНОЙ СЛУЖБЫ ПОЛУЧИЛ ТЯЖЕЛЫЕ ТЕЛЕСНЫЕ ПОВРЕЖДЕНИЯ, СТАЛ ПРЕДМЕТОМ УГОЛОВНОГО РАССЛЕДОВАНИЯ И ПОВЛЕК ЗА СОБОЙ ОТСТАВКИ КОМАНДНОГО СОСТАВА.

Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып жатыр.

Ақтөбеде рэпер Qarakesek-ке сот үкімі шықты

Ақтөбеде танымал рэп орындаушы Qarakesek психотроп затты заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп танылды.