Елімізде орташа жалақы қаншаға өсті?

Қазақстанда жалақы өсімі тіркелді. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025 жылдың үшінші тоқсанында орташа жалақы 429 368 теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10% жоғары, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2025 жылдың үшінші тоқсанында орташа жалақы 429 368 теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10% жоғары.

Медианалық жалақы 302 584 теңге, ал жыл басынан бастап белгіленген ең төменгі жалақы 85 000 теңге деңгейінде қалды.

Жалақы өсімі елдің барлық өңірінде байқалады. Әсіресе Жетісу, Алматы және Астанада. Бұл өңірлерде өсім 13–18% аралығында, — деп атап өтті сарапшылар.

Ең жоғары жалақы төленетін салалар

Ең көп табыс тау-кен өнеркәсібі қызметкерлеріне тиесілі. Мұнда жалақы республикалық орташа деңгейден екі есе жоғары.

Сонымен қатар, ақпарат және байланыс саласында, сондай-ақ кәсіби және ғылыми қызмет саласында да жалақы жоғары.

IT секторында өсім 21,5%, көлік пен логистикада — 17,6%, ауыл шаруашылығында — 18,4%, — делінген есепте.

Ең төмен өсім байқалған салалар

Ең аз жалақы өсімі құрылыс саласында (+2,5%), денсаулық сақтау саласында (+5%) және тамақ қызметі саласында (+6,2%) тіркелді. 

Жалпы өсімге қарамастан, кейбір салаларда халықтың нақты табысы инфляция мен тұрмыс шығындарының өсуіне байланысты төмендеп отыр.

Ипотека рәсімдеу ережелері өзгереді

Қазақстанда ипотека рәсімдеу ережелері өзгереді. Банктер енді қарыз алушыларды бұрынғыдан да мұқият тексеріп, әр клиентке жеке тәсілмен баға береді.

Теңге нығаюы – уақытша құбылыс па? АДБ сарапшысы Қазақстан экономикасына әсер ететін негізгі факторларды атады 

Қазақстанда соңғы айларда теңге күшейгенімен, оның ұзақмерзімді трендке айналатынына нақты кепіл жоқ.

15 сәуірге дейін мобильді аударымдар тексеріледі

15 сәуірге дейін банктер салық органдарына қазақстандықтардың 2026 жылдың І тоқсанындағы мобильді аударымдары туралы мәлімет тапсырады.

Мұнай бағасы күрт өсіп кетті

АҚШ президенті Дональд Трамптың Ормуз бұғазын қоршауға алу туралы мәлімдемесінен кейін әлемде мұнай бағасы өсіп жатыр.

Жастарға 5 мың теңгелік пәтер берілмейді: Баспана алатындарға енді қандай мүмкіндік бар

Жастарға берілетін жалдамалы пәтер бағдарламасы тоқтады. Енді баспана алу қалай өзгереді.