Мүгедектігі бар адамдар үшін қолайлы орта қалыптастыруға Алматы облысында 200 ден аса нысан бейімдеуден өтті.
Игі іс елімізде 2025 жылға дейінгі құрылған «Халықпен бірге» жобасы аясында іске асып жатыр. Жалпы елімізде интерактивті картаға енген нысандардың жалпы саны 36 мыңға жуықтайды. Оның 9 мыңға жуығы 2021 жылы бейімделген. Ендігі жоспар 2023 жылдан бастап 2027-ге дейін, жылына кем дегенде 5 мыңға жуық обьектіні бейімдеуден өткізу. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 14 мыңға жуық обьектіні бейімдеу жұмыстары аяғына жеткен.
Алматы облысының атқарушы органының есебі бойынша, бейімделген 200 ден аса нысанның қатарында мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау обьектілері бар.
«Уақыт өткен сайын қалада өзім секілді мүгедектігі бар адамдарға межелі жерге қатынау жеңілдеп келеді. Бір қуантарлығы мемлекеттік мекемелерден бөлек, жеке тұлғалар да ерекше жағдайымызға қарайласып жатыр. Жиі қатынайтын емхана мен әлеуметтік қамсыздандыру орталықтарының да кірер есігі кеңейіп, көтеріліп түсуі жеңілдеген» , — дейді Қонаев шаһарының тұрғыны, І топ мүгедектігі бар Ляззат Салыққызы
Алматы облысы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті аймақтағы әлеуметтік нысандарды тексеруді жалғастырып отырғанын жеткізді. Жалпы 100-ге жуық тексерістің 30-ы жоспардын тыс, 60-ы міндетті тексеріс.
Тексеріс нәтижесі бойынша 40 тан аса заң бұзушылық анықталып, 4 миллионға жуық айыппұл салынған.
Шымкент қаласының әкімдігі де жақсы жаңалығымен қуантты. Шаһарда 200 – ге жуық нысан мүгедектігі бар жандар үшін бейімделген.
«Қалада бейімделген нысандар саны артып келе жатқанын көріп келеміз. Бұрындары кіре алмай арызданған нысандарымыздың да көбінде жағдай жасалған. Біздің басты мәселемеміз әлеуметтік нысандар еді, бүгінде одан қиындық көрмейміз. Мейлі ол емхана, мейлі пошта болсын. Алдағы уақытта жұмыс ары қарай жалғасады деген ойдамыз» , — деді І топ мүгедектігі бар Шымкен қаласының тұрғыны Исхақ Айдарбекұлы.
Шаһар әкімдігі жүргізген тексеріс нәтижесіне сәйкес 4,3 миллион теңгеге 30-ға жуық айыппұл салынған. Дегенмен алғаш рет заң бұзушылық орын алған ғимараттарға тек ескерту берілген.
Еске сала кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мүгедектігі бар жандарды әлеуметтік қорғау бойынша өткен отырыста осы бағытта жүйелі жұмыс жасау керек екенін жеткізген еді.
Дегенмен, бұл мүгедектігі бар жандардың көрген жалғыз игілігі емес. Жыл басынан бері арнайы әлеуметтік қызмет порталы арқылы 450 мыңдай ерекше қажеттілігі бар адам оңалту құралын, 8 мыңнан аса адам ымдап сөйлесу, 26 мың тұлғалық көмек, 34 мың ем алу шараларына сұраныс беріліп, өтелген. Яғни осынша адам өзіне қажетті заттармен тегін қамтамасыз етілген. Бұл да болса олар үшін үлкен көмек.
Арнайы жүйе арқылы ерекше қажеттілігі бар тұлғалар өздеріне керек қызмет, не тауар түріне еркін таңдау арқылы қол жеткізуге мүмкіндік алған. Тапсырыс цифрлы кілтпен расталып, тапсырыс берушінің ырқы бойынша жеткізіліп, не өзі алып кету функциясы іске қосылған. Арнайы құралдар ретінде арбалар, ортопидия және гигиена т.б. заттар қамтылып отырған. Жалпы елімізде мүгедектігі бар жандар үшін тегін заттармен қамтамасыз етілуі қалыпты жағдай. Ай сайын берілетін дәрі дәрмек, гигиеналық заттар оларға айтарлықтай қамқорлық болып отыр.
Бас аяғы жүйеде арнайы қызмет ұсынатын 1000 жуық орталық, 800 дей тасымалдаушы, 30 мың көмекші, 750 суд аудармашы, 130-ға жуық ем- шара көрсететін орталық қызметтері ұсынылған.
Аталмыш партал, ерекше қажеттіліг бар адамдарға арнайы, мемлекеттік тапсырма шеңберінде өз жұмысын атқаруда. Қызмет сапасына жауапты арнайы комиссия, түскен арыз талаптар негізінде 5 жұмыс күнінің ішінде мәселені қарап шешім шығаруда. Оның ішінде сапасыз қызмет, не мүлік мәселелері кіреді.
Мүгедектігі бар жандарға арналған әлеуметтік төлемдер де уақытылы төленуде. 2024 жылдың 1 шілдесіндегі есептерге сүйенсек мемлекет тарапынан қарастырылған жәрдемақыға 550 мыңға жуық адам республикалық қазынадан 300 миллиард теңгеден аса қаражат төленген. Ал, еңбекке жарамсыз, асыраушысы жоқ 200 мыңға жуық адамға 41 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінген. Елімізде кейбір мүгедектігі бар жандардың қараушысына да ресми жалақы тағайындалған. Яғни тек қана мүгедектігі бар жанды күтіп баптап үйде отырғаны үшін арнайы жәрдемақы тағайындалған. Бұл шын мәнінде халыққа қамқорлық мақсатында жасалып отырған игі шара екені сөзсіз.
Жәрдемақы мүгедектігі бар адамдарға тобына қарай, және өзекті себебіне қарай ең төменгі күнкөріс шамасымен есептелініп бөлінеді. Асыраушысынан айрылған жандарға берілетін жәрдемақы да осы іспеттес. Қанша адам және қандай себептер сияқты қосымша параметрлерді ескере есептелінеді.
Жәрдемақы мөлшері сыртқы факторларға (инфляция, базалық ставка т.б.) байланысты. Ағымдағы жылы соңғы өзгеріс 1-інші қаңтарда орын алған. Яғни ақшаның құнсыздануына орай үнемі жыл сайын мүгедектерге бөлінетін жәрдемақы көлемі де еселеп өсіп отырады. Нәтижесінде биылғы жыл басындағы көрсеткіш бойынша ерекше күтімді қажет ететін жандарға берілетін орташа жәрдемақы 58 мың теңгені құрады. Асыраушысынан айрылған топтарға арналған жәрдемақының орташа құны 60 мың теңгенің құраған.
Жалпы елімізде мүгедектігі бар жандарға жасалатын жағдай жыл сайын жақсарып келеді. Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында жасалып отырған шаралар өзінің оң нәтижесін берері анық!