Елімізде маймыл шешегін емдеу хаттамасы дайындалып жатыр

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қазақстандық инфекционистер маймыл шешегі ауруын емдеу хаттамасын әзірлеп жатқанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бүгінде бізде маймыл шешегін анықтауға арналған 1300 сынақ бар. Егер күдік болса, науқастан нақты осы вирусқа сынама алып, тексеруге мүмкіндігіміз бар. Бізде инфекцияға күдік болған жағдайлар тіркелген жоқ, осыған ұқсас аурумен ауыратын барлық науқасты бақылаймыз. Ғалымдар, жұқпалы аурулар бойынша мамандарымыз бұл ауруды емдеудің клиникалық хаттамасын дайындап жатыр», — деді Ғиният журналистер сұрағына жауап бере отырып.

Сондай-ақ, министр маймыл шешегі ауруына тән белгілерді айтты.

«Емдеу тұрғысынан ДДСҰ симптомдар бойынша ем қолдануды ұсынады. Бүгінде ғалымдар және осы инфекция таралып жатқан елдер, негізінен мына симптом туралы айтады: ағзаның улануы және бөртпе. Симптомдар бойынша ем жүргізіледі. Бүгінде кейбір елдер вирусқа қарсы тәжірибелік препаратты зерттеп жатыр. Оны біз де зерттеп жатырмыз. Оның клиникалық сынақтан өтуі маңызды. Клиникалық сынақтар сәтті өтсе, оны маймыл шешегін емдеу хаттамасына ұсынамыз және қосамыз», — деп қосты ол.

Денсаулық сақтау министрлігі басшысының айтуынша, Қазақстанда маймыл шешегі ауруына қарсы бірде-бір сынама қолданылмаған.

«Аурудың классикалық көрінісі біздің елде тіркелмеді», — деп қорытындылады Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Еске салайық, бұған дейін Нью-Йорк пен Калифорнияда маймыл шешегінің өршуіне байланысты төтенше жағдай (ТЖ) жарияланған болатын.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...