Елімізде Еуропалық иммундау апталығы басталды

Елімізде сәуір айының 21-27 аралығында Еуропалық иммундау апталығы өтеді. Шара «Вакциналар: өткен, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін денсаулықты қорғау» ұранымен ұйымдастырылады. Апталықтың мақсаты – вакциналарға тең және кең қол жетімділіктің маңыздылығын халыққа жеткізу. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев пен облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанета Нұрманбетова мәлімдеді.
Жыл сайын Еуропалық иммундау апталығын өткізуге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа аймағындағы 53 мемлекет қатысады. Тұрғындарды иммундау Ұлттық күнтізбеге сәйкес 20 жұқпалы ауруға, оның ішінде 11 инфекцияға қарсы және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 9 инфекцияға қарсы ақысыз жүргізіледі.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының ақпаратына сәйкес, өңірде көкжөтел бойынша тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай байқалады. Атап айтсақ, жыл басынан бері 37 жағдай тіркелген. Оның 9-ы Кербұлақ, Сарқан аудандарында және Талдықорған қаласында расталды. Науқастардың көпшілігі 1 жасқа дейінгі балалар.
Жанета Нұрманбетованың айтуынша, облыста жыл сайын 150 мыңға жуық адам екпе алады. Оның ішінде 16 жасқа дейінгі балалар саны 35 мың. Сондай-ақ, биыл адам папилломавирусына қарсы вакцинацияның Ұлттық күнтізбесіне енгізу жоспарлануда.
Спикерлердің айтуынша, жаппай вакцинация жүргізу ұлт денсаулығын сақтаудың қажетті шарты. Вакцина арқылы кез-келген аурудың алдын алып, таралуына жол бермеуге болады.

КӨШПЕНДІЛЕР РУХЫ – СПОРТТА

Абай облысы бойынша орташа қауіпсіздік мекемесінде VI Дүниежүзілік көшпенділер...

Жеке сот орындаушыларының іс –әрекетін даулау

Талап қоюды беру тәртібі мен мерзімі Сот орындаушыларының әрекетін (әрекетсіздігін)...

Қазақстан мен Франция театр өнері, музей және архив ісі салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Парижде Франциядағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында ҚР Мәдениет және...

 Алматы – жүрегіміздің төріндегі қала

Қала күніне орай №196 жалпы білім беретін мектепте мерекелік...

Француз филологиясы: халықаралық білімге бастар жол

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде 2026-2027 жаңа оқу жылында...