12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Елімізде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар мәселесі басты назарда

 

Балалар жылында еліміздегі мүмкіндігі шектеулі балалар мәселесін де ұмыт қалдырмау парыз. Осы орайда елімізде ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны 55 мыңға жетіп отыр. Сондықтан еліміз жыл өткен сайын мұндай балаларға инклюзивті білім беру сапасын көтеруге барынша назар аударуда. Инклюзивті сыныптар саны да арта түсуде. Мәселен өткен оқу жылында инклюзивті сыныптарда 49 мыңнан астам ерекше бала оқыған көрінеді. Ал бір жыл ішінде биыл мұндай балалар саны 55 мыңға жуықтауы мәселенің өзекті екенін аңғартады.

Осы орайда атап өтер жайт мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та мұндай балаларға білімнің қолжетімді және инклюзивті болуы керектігін үнемі өз Жолдауларында қайталап айтуымен келеді. Сондықтан жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті сыныптар ашылып, ерекше балаларды оқытуға барынша жағдай жасалу үстінде. Олардың мектептерге еркін кіріп шығуы үшін пандустар, есіктерге арнайы тұтқалар орнатылып, әжетханаларды да олардың пайдалануына, жүріп тұруына ыңғайлы етіп жағдай жасалуда. Бұл шын мәнінде олар үшін үлкен мүмкіндік.

         Инклюзивті білім беру педагогы Динар Дүйсембаева «Соңғы жылдарда елімізде инклюзивті білім берудің дамып келе жатқаны қуантады. Бізді де уақыт сұранысына сай қайта даярлаудан өткізіп инклюзивті балаларға білім беруге сай болуға үйретуде. Өйткені мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыста өте ептілік, үлкен тәжірибе керек. Олардың даму жүйесінде ауытқушылықтар болғандықтан өз қатарластарынан, сыныптастарынан артта қалған, қоршаған ортаға бейімделуі баяу болып келді. Тіпті кейбіреулері денсаулығына байланысты ақырын қимылдайды, оған үлкен шыдам керек. Олардың көбіне көңіл-күйі төмен болатындықтан да қатты сөйлегенді, дөрекі қарым қатынас орнатқанды қабылдай алмайды. Мүмкіндігі шектеулі бала үйреткеніңді, дамуына сай білімді қабылдайды, бірақ бұл ұзақ жүретін үрдіс. Бір сыныпта бәрімен ортақ жұмыс жасау мүмкін емес. Бірі түсінгенді екіншісі түсінбейді немесе бірін-бірі тыңдағысы келмейді. Бірге берілген сабақтың өзін көңіл-күйіне қарай қабылдайды. Сондықтан әрқайсысымен жеке жұмыс істеуге тура келеді. Негізі мұндай балаларға сабақ беру оңай емес. Бұл балаларға қатты сөйлеуге болмайды, тек асқан шыдамдылықпен баланың тілін тауып сөйлесу керек. Осының барлығына бізді алдын ала дайындады. Инклюзивті білім беру алдында олармен жұмыс ңстеуі тиіс педагог мамандарының талапқа сай болуына назар аударып арнайы дайындады» дейді. Расында да соңғы кездері инлюзивті педагогтер саны арта түсті.   

         Еліміздің қай түкпірінде тұрса да ерекше білім алуды қажет ететін қажеттілігіне сай инклюзивті білім беру басты мақсат болып отыр. Қазіргі таңда барлық облыс халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайын дұрыстаумен бірге халыққа жағдай жасау, инклюзивті тұрғындарға ыңғайлы қоғам құруға барынша тырысуда. Былтыр Мәжіліс депутаты Динара Закиева «Еліміздегі ерекше балалардың білім алуына барынша жағдай жасау қарастырылған. Қазір жыл сайын орындалуы тиіс көрсеткіштер белгіленген. Соның аясында барлық облыстарымыз инклюзивті жандарға жағдай жасауға тырысуда.  Үкімет әр көрсеткіштің бюджетін есептеді. Мәселен, 2022 жылы мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінің 45 пайызында және жоғарғы оқу орындарының 50 пайызында инклюзивті білім беруге жағдай жасалады. Бұл барлық санаттағы баланы қамту үшін жасалып отыр» деген болатын.

Яғни бұл мақсаттағы жұмыстар Үкімет тарапынан арнайы белгіленіп, кешенді түрде жүзеге асып жатыр. Мұндай қарқынмен алдағы уақытта еліміздегі барлық инклюзивті баланың талапқа сай біліммен қамтылары анық.

Ерзия Ерсұңқар

Халықаралық құқықтық көмек – азаматтардың құқығының кепілі

Қазіргі таңда мемлекеттер тек саясат пен экономикада ғана емес,...

Мемлекеттік қызметшінің әдебі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 жарлығымен...

Судья мәртебесі және сот әдебі

Дана халқымыз «Әділ би – елдің құты» деп бекер...

Қылмыстық істегі медиация

Республикамыздың Медиация туралы заңы халқымыздың дау шешуде ұмытыла бастаған бітімгершілік жолын қайта жаңғыртты. Аталған заңның жұмыс...

Қойбағаровқа неге күштеп психиатриялық сараптама жасамақ болды?

Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы республикалық мемлекеттік қазыналық...