Елімізде бүгін жаңа мереке атап өтіледі

Қазақстанда жаңа кәсіби мереке пайда болды — бүгін, 1 ақпанда республика Азаматтық авиация қызметкерлері күнін атап өтеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті бұған дейін берген мәлімет бойынша, жаңа мереке туралы ұсынысты Қазақстанның азаматтық авиациясы соғыс және еңбек ардагерлерінің бірлескен кеңесі енгізген.

«Азаматтық авиация комитеті бұл мерекені айқындау бойынша барлық тиісті жұмысты атқарды, ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл бастаманы қолдады.

Кәсіби мереке азаматтық авиация саласындағы іс-шараларға ерекше мән береді және мемлекеттің жас авиаторларының патриоттық рухын дамытуға ынталандыру болады», — деді комитет өкілдері.

Бүгін Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

23 наурыз – Тазару күні аясында Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді.

Бүгін барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 

"Қазгидромет" 23 наурызға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана, Шымкент қалаларында, 16 облыста, сондай-ақ Алматы тауларында қауіпті ауа райы құбылыстары күтілетінін ескертті.

Иран әуе кеңістігін жабу мерзімін ұзартты 

Иран билігі елдің әуе кеңістігіндегі ұшуларға қойылған тыйымды 29 наурызға дейін ұзартты.

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығы алдындағы алаңда Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Funk креативті агенттігі ұйымдастырған «Наурыз Береке Мереке» атты ауқымды фестиваль өтті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады