Елімізде базарлардан балалар денсаулығына зиян мектеп формасы анықталды

Петропавлда мамандар оқу маусымы басталар алдында базарлар мен дүкендерге барып, мектеп формаларынан сынамалар алған болатын. Соның қорытындысы бойынша Ертіс өңіріндегі мектеп формасының 10 үлгісінің 7-уі санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудан өтпеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Сараптама қорытындысы бойынша кейбір өнімдердің бала денсаулығына зияны екені белгілі болды. Мамандар Ұлттық сараптама орталығының Павлодар филиалында мектеп формасын барлық критерийлер бойынша тексерді. Көпшілігі таңбалауға сәйкес келмей, жартысы гигроскопиялық жағынан өтпеген. Киім материалдары ауа өткізбейтін және ылғалдың өтуіне жол бермейтін деңгейде болған. Енді кәсіпкерлер сапа стандарттарына сәйкес нысанды қалыпқа келтіруі қажет.

“Гигроскопиялық көрсеткіш әдетте 7% болуы керек. Ал мұнда бір жарым пайыздан 3,2 пайызға дейін ғана. Тұтастай алғанда өнімдердегі сәйкессіздіктер анықталды. Бұл ең алдымен адам денсаулығына әсер етеді. Өйткені киім сапасы ауа және ылғалды өткізбейтіндей жасалған”,- деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Айдар Әлменов.

“Слово – не воробей…”, а скриншот из чата или сторис в Instagram могут стать поводом для судебного иска

Суды обязывают удалять оскорбительные публикации, опровергать недостоверные сведения и...

Қазақстанды өзгерткен жеті жыл

Қазақстандағы қарапайым жұмыс күнінің таңертеңінде отбасы бірнеше жыл бұрын...

От стабильности к обновлению: Как происходит трансформация Казахстана

Как экономический рост укрепил позиции Казахстана в Центральной Азии Обычным...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...