12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Елімізде балабақшаларға қойылатын талап күшейді 

Қазақстанда мемлекеттен тапсырыс алатын балабақшаларда талап күшейтіледі. Жаңа ережеге сәйкес мұнда балалар үшін жайлы жағдай жасалып, қауіпсіз болуы керек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. 

Шенеуніктер талапы күшейту мәселесін балабақшаларда жанжалдың көбеюіне байланысты қолға алған. Ал мұндай жағдайлар көбіне жекеменшік балабақшада орын алады екен. 

«Биыл бір жағдай тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр. Педагог жұмыстан қуылды. Барлық қызметкерлермен түсіндірме жұмыстары жүруде. Кәсіби жарамдылығы тексеріледі. Мұндай мәселе жекеменшік балабақшаларда болады. Мүны жасырмаймыз», – деді Түркістан облысы Адам әлеуетін дамыту басқармасының бөлім басшысы Әлібек Кенжебаев. 

Қостанайдағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші баланың бұғанасын сындырып жіберген. Алайда жедел жәрдем шақырудың орнына баланы тыныштандырмақ болған. Нәтижесінде оны емдеуге жіберген, ал тәрбиеші еңбек демалысына шыққан. Кейін жұмыстан қуылды. Ал балабақша меңгерушісі тәртіптік жауапқа тартылды. 

«Иә, кешірім сұрады. Жағдайы қалай екенін сұрады. Бірақ неге дәл осылай жылжытқысы келгенін түсіндіре алмады. Не үшін жылжытқан. Полициядан қылмыстық іс қозғаудан бас тартылғаны туралы хабарлама келді», – деді зардап шеккен баланың анасы Дана Мағауина. 

Ата-аналар тәрбиешілердің қол көтеретініне және тиісті жағдайдың жасалмайтынына жиі шағымданады. Ал оқу-ағарту министрлігінің өкілдерімұның жалпы жүйенің мәселесі екенін айтады. Сондықтан мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін балабақшалар үшін талап күшейтілді. 

«Біз мемлекеттік тапсырыс алатын балабақшаларға қойылатын талапты күшейту туралы бұйрықты қабылдадық. Енді мемтапсырыс жаңа ереже бойынша орналастырылады. Ол бойынша балалар үшін қауіпсіз және қолайлы жағдай жасалуы керек», – деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов. 

Енді балабақшаларба бейне бақылау камералары, дабыл батырмасы мен ішкі дыбыстық құлақтандыру жүйесі орнатылуы керек. Сонымен қатар санитарлық талаптарға сай болуы да қаралады. Әрі тәрбиешілерге қойылатын талап күшейеді. Білім басқармалары балабақшаларды аралап, шарттармен танысу құқығына ие болады. 

1 наурыздан бастап не өзгереді? 

1 наурыздан бастап қазақстандықтардың өмірінде қандай өзгерістер болады?

Ирандағы шиеленіс: СІМ Қазақстан азаматтарына қауіпсіздік шараларын күшейтуді ұсынды 

Иран Ислам Республикасының төңірегіндегі шиеленістің сақталуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына жағдай тұрақталғанға дейін Иранға барудан уақытша бас тартуды ұсынады.

СІМ: Иран аумағында Қазақстанның 96 азаматы бар 

Ирандағы қазіргі жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі аталған елде жүрген азаматтарға қатысты мәлімет берді.

Тень Эпштейна в зеркале власти

НА ФОНЕ ПУБЛИКАЦИИ ТАК НАЗЫВАЕМЫХ «ФАЙЛОВ ЭПШТЕЙНА» ДЕПУТАТЫ МАЖИЛИСА...

Мұғалімдерге жаңа талап: ЖИ факультеттері ашылады 

Аида Балаеваның пікірінше, басты назарды балаларға аударып, олардың сыни ойлау қабілетін дамыту және алған білімін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру – басты міндет.