12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Елімізде ажырасу деңгейі 5 жылда қанша пайыз төмендеді?

2020 жылы елімізде «Қазақстандық отбасылар – 2020» атты алғашқы Ұлттық есеп жарияланды. Есепте ажырасу себептері, отбасылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, туу динамикасына қатысты деректер мен талдаулар қамтылды. Белгілі болғандай, соңғы бес жылда Қазақстанда ажырасу саны 16%-ға төмендеген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, 2023 жылы осал санаттағы отбасыларды қолдауға бағытталған Әлеуметтік кодекс қабылданды. Құжатта көпбалалы және табысы төмен отбасыларға арналған нақты әлеуметтік қолдау шаралары, сондай-ақ ана мен бала құқығын қорғау тетіктері қарастырылған.

Ел өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі – әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету және балалардың қауіпсіздігін күшейту мақсатында қабылданған заңнамалық өзгерістер. Осы заң аясында Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмыстық жауапкершілікке жатқызылып, балаларға қатысты кез келген зорлық-зомбылық түріне қатаң жаза енгізілді.

Аталған заңнамаларды жетілдіру шеңберінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қабылданды. Отбасы институтын нығайту және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа нормалар енгізілді.

Осы мақсатта бұрын қызмет етіп келген Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы қайта құрылып, олардың қызметі бірыңғай модель бойынша жүйелендірілді. Нәтижесінде мұндай орталықтардың саны ел бойынша төрт есе, 33-тен 131-ге дейін артты, — делінген министрлік хабарламасында.

Қазіргі уақытта Мәдениет және ақпарат министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, Отбасын қолдау орталықтарында көрсетілетін барлық әлеуметтік қызметтерді автоматтандыру және цифрландыру жұмыстарын белсенді жүргізуде.

Отбасы мен некені сақтау және нығайтуға арналған 2025-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Жоспар отбасы өміріне саналы дайындықты арттыруға және ажырасудың алдын алуға бағытталған.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, соңғы бес жылда Қазақстанда ажырасу саны 16%-ға төмендеген. Егер 2020 жылы тіркелген ажырасу саны 48,2 мың болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 40,5 мыңға дейін азайды.

2024 жылы некеге тұруға өтініш берушілерге арналған тегін алдын ала кеңес беру және оқыту жобасы іске қосылды. Жоба Шымкент және Астана қалаларында пилоттық режимде сәтті жүзеге асырылды.

Қазіргі уақытта ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Отбасы және дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыруға бағытталған кешенді шаралар» атты гранттық жобаны іске асыруда. Жобаның негізгі бастамаларының бірі – «Ата-аналар академиясын» құру. Бұл бастама аясында ата-аналарға арналған онлайн-курстар мен оқыту бағдарламалары ұсынылады. Сондай-ақ бала тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелер бойынша түсіндіру кездесулері өткізіледі. Жақын арада «Ата-ана.kz» онлайн платформасын іске қосу жоспарланып отыр, — делінген мәліметте.

Отбасы институтын және моральдық-әлеуметтік құндылықтарды нығайту мақсатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын ұйымдастырады. Соңғы 11 жыл ішінде конкурсқа еліміздің барлық өңірінен 20 мыңнан астам отбасы қатысты.

Сонымен қатар, 2023 жылы елімізде Аналар күні (мамыр айының екінші жексенбісі) мен Әкелер күні (маусым айының үшінші жексенбісі) ресми мереке ретінде бекітілді. Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде Отбасы күні атап өтіледі.

Кредит нарығындағы өзгеріс: кімге қарыз берілмейді, кімге жеңілдік бар

Агенттіктің мәліметінше, 2024 жылғы тамызда халықтың барлық кредиттері бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасының (ЖТСМ) шекті мәндері азайтылған.

16 жасқа толмаған балаларға TikTok пен Instagram-ға тыйым салынды

Аустралия 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салған алғашқы ел болды. Көптеген ғалым мұны жасөспірімдердің психикалық денсаулығына және әлеуметтік байланыстарына шектеудің әсерін зерттеуге мүмкіндік беретін тәжірибе деп бағалап отыр.

Қазақстанда киімдер АҚШ пен Жапониядан қымбат екені рас па?

Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та "Қазақстанда киім мен аяқ киім АҚШ-қа, Жапонияға және Канадаға қарағанда қымбат" деген ақпарат тарады.

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері уақытша жабылады

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері мерекеге байланысты  екі күнге жабылады.

Драйвер роста и комфорта

ШЫМКЕНТ АКТИВНО УКРЕПЛЯЕТ СВОИ ПОЗИЦИИ В ЭКОНОМИКЕ И ИНВЕСТИЦИОННОЙ СФЕРЕ, СОЗДАВАЯ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ ДЛЯ ЖИТЕЛЕЙ И БИЗНЕСА. ГОРОДСКИЕ ВЛАСТИ ПОСЛЕДОВАТЕЛЬНО РЕАЛИЗУЮТ ПРОЕКТЫ, НАПРАВЛЕННЫЕ НА РОСТ ПРОМЫШЛЕННОГО ПРОИЗВОДСТВА, РАЗВИТИЕ ИНФРАСТРУКТУРЫ, УЛУЧШЕНИЕ СОЦИАЛЬНОЙ СРЕДЫ, ПОВЫШЕНИЕ КАЧЕСТВА ОБРАЗОВАНИЯ, ЗДРАВООХРАНЕНИЯ И СПОРТИВНОЙ СФЕРЫ.