Елімізде ағаштарға келтірілген залал үшін өтемақы мөлшері артты

Қазақстанда ағаштарды жойғаны үшін өтемақының жаңа мөлшері бекітілді. Енді кейбір ағаш түрлерін заңсыз кескеніңіз, бүлдіргеніңіз немесе жинағаныңыз үшін бір ағашқа 314 560 теңгеге дейін төлеуіңіз мүмкін. Мұндай сома Экология министрлігінің бұйрығында көрсетілген, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өзгерістер 2023 жылғы № 61 бұйрыққа енгізілген. Құжат егжей-тегжейлі кестемен толықтырылған, онда өсімдіктер әлеміне келтірілген залал үшін базалық мөлшерлеме көрсетілген. Айыппұл мөлшері тек тұқымға емес, ағаштың немесе бұтаның жасына да байланысты болмақ.

Жас санаты төрт топқа бөлінеді: 10 жасқа дейін, 11-ден 20-ға дейін, 21-ден 30-ға дейін және 31 жастан жоғары. Ағаш неғұрлым үлкен болса, айыппұл мөлшері соғұрлым жоғары болады.

Жеке және заңды тұлғалардан айыппұл өндіріп алынады. Жергілікті органдар тоқсан сайын салық органдарына өндіріп алынған сома туралы есеп беруге, сондай-ақ, залалды өтету үшін сотқа талап-арыз беруге міндетті.

Жаңа мөлшерлемелер күшіне енді.

Наурыз мейрамында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Көктемнің алғашқы айы қазақстандықтарды ұзақ демалыс күтеді.

Мұнай бағасы тағы өсті: Brent мұнайының құны 103,08 долларға жетті 

Азия сауда сессиясының басында мұнай бағасы айтарлықтай өсті. Brent мұнайы баррелі 2,8%-ға қымбаттап, 103,08 долларға, ал WTI мұнайы шамамен 3%-ға өсіп, 96,25 долларға жетті.

Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов елге оралды 

Ербол Хамитов Астанаға оралды. Астана әуежайында спортшыны туған-туыстары, жанкүйерлері және спорт қауымдастығының өкілдері қарсы алды.

Референдум-2026: Қазақстанда жаңа Конституция қабылданды 

Қазақстанда 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумның қорытындылары жарияланды.

Өзбекстан президенті Мирзиёев Тоқаевты референдум табысты өтуімен құттықтады

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті.