12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Елімізде -35°С аяз болады

Қазақстанға қатаң аяз келуде: синоптиктер 9-11 желтоқсан аралығында елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде температура -35°С-қа дейін төмендейтінін ескертеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Солтүстік антициклон Қазақстанға қатты аяз алып келеді.

Метеорологтардың айтуынша, жылы өткен күзден кейін қазақстандықтар қыстың алғашқы ызғарын сезінеді. 9 желтоқсаннан бастап солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерге солтүстік антициклон жылдам таралады.

Суық ауа массаларымен толыққан бұл антициклон алдымен еліміздің солтүстік бөлігінде, кейін бүкіл аумағында жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының күрт төмендеуіне себеп болады, — деп мәлімдеді синоптиктер.

Түнгі уақытта термометр көрсеткіші солтүстік өңірлерде -22…-30 градусқа дейін, шығыста -27…-35 градусқа дейін төмендейді. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста аяз -10…-20 градусқа дейін күшейеді.

Бұған дейін Қазақстанда ауа райы нашарлап, бірнеше облыста көктайғақ күтілетіні туралы хабарлаған болатынбыз.

«Қазгидромет» 2025 жылдың желтоқсанынан 2026 жылдың ақпанына дейінгі қыс маусымына, сондай-ақ 2026 жылдың наурызына арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялады. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Қазақстанда суды өз бетінше пайдаланғандарға айыппұл салынды

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов су саласындағы заңсыздыққа қарсы жүргізіліп жатқан шаралар туралы баяндады.

Қазақстан Орталық Азияға астық экспортын 32%-ға арттырды

Осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Орталық Азия мемлекеттеріне жөнелтілген астық көлемі 5,6 млн тоннаны құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32%-ға артты.

Мобильді аударымдар: 2026 жылдан бастап кімнің шоты тексеріледі?

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап мобильді аударымдар бойынша жаңа талаптар күшіне енеді. Бұл өзгерістер жаңа Салық кодексіне енгізілген. Сонымен 2026 жылдан бастап мобильді аударымдарға қатысты не өзгереді?

Кризис доверия и формализм

В МАЖИЛИСЕ РАЗВЕРНУЛАСЬ ДИСКУССИЯ О НЕЭФФЕКТИВНОСТИ ПРАВИТЕЛЬСТВА. ПАРЛАМЕНТАРИИ НАЗВАЛИ ОТВЕТЫ КАБМИНА НА ЗАПРОСЫ ГРАЖДАН ФОРМАЛЬНЫМИ ОТПИСКАМИ.

АЖЫРАСАТЫНДАР САНЫ 16%-ға АЗАЙДЫ

Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Қазақстанның қоғамдық даму институтымен бірлесіп, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөнінде ұлттық баяндама дайындады. Биылғы жылы бұл бағытта оң нəтижелерге қол жеткізілген. Орталық коммуникация қызметінің алаңында сөз алған Жастар жəне отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Лира Раисованың айтуынша мұндай оң көрсеткіштер мен нəтижелерді алдағы уақытта да лайықты жалғастыруға көңіл бөлінбек.