Елімізде 2024 жылдан бастап балабақшаларды лицензиялайды

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру үшін лицензиялау институтын енгізу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Біздің қоғамда балабақшаларды лицензиялау мәселесі туды. Біз мектепке дейінгі білім беру саласындағы заң бұзушылықтарды естіп жүрміз. Бұл жаңа құрал емес екенін түсіну керек. Бұл 2011 жылға дейін болған, бірақ ол уақытта балаларды орынмен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болғандықтан, негізгі басымдықты мүмкіндігінше көп баланы қамтамасыз ету болды. 10 жыл ішінде біз бұл мақсатқа қол жеткіздік. Балалардың 99 пайызы балабақшамен қамтамасыз етілген. Енді сапа туралы айтатын кез келді”, – деді шенеунік.

Лицензиялауды қайтармас бұрын министрлік қолданыстағы заңнаманы қолданудың салдарын бағалау және жан-жақты талқылау жүргізеді. Дайындық жұмыстарына 2022 және 2023 жылдар кетеді деді ол.

«Алаңдайтын ештеңе жоқ, лицензиялау 2024 жылы басталып, кезең-кезеңімен жүзеге асады деп болжап отырмын. Алдымен жаңа балабақшалар, содан кейін мемлекеттік аттестациядан екі рет те өтпегендер, тәуекел тобындағы мекемелер, содан кейін ғана қалғандары. Лицензиялау біліктілік талаптарынан өтеді: ең аз және ең қажетті», –  деп атап өтті комитет төрағасы.

Сөзінше, мемлекет жекеменшік балабақшаларды жабу мақсатын көздеп отырған жоқ. Керісінше, негізгі біліктілік талаптарына сай келетін мекемелер кедергісіз жұмысын жалғастыратынын айтты.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...