Елімізде 113 мың талапкер мемлекеттік білім гранты конкурсына өтініш берді

Қазақстанда шамамен 113 мың талапкер білім беру грантын алу конкурсына қатысу үшін өтініш берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, бұл өткен жылмен салыстырғанда көп. 2023 жылы 104 мың өтініш түскен болатын.

«Гранттарды тағайындау туралы шешімді құрамына ҚР Парламенті депутаттары, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіретін республикалық конкурстық комиссия қабылдайды. Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады», – делінген хабарламада.

Қандай бағыттар көп таңдалған?

Министрлік бірнеше жылдан бері ең көп сұранысқа ие мамандықтарға талапкерлердің таңдауында аса өзгеріс жоқ екенін атап өтті. Биыл ең көп өтініш келіп түскен бағыттар:

Педагогикалық ғылымдар,
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары,
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
Ал бір грантқа ең көп бәсеке болашақ аудармашылар, мұғалімдер, психологтар, дизайнерлер мен заңгерлер арасында күтіліп отыр.

Биыл қанша грант бөлінді?

Министрліктің дерегінше, биыл бакалавриатқа 77 мыңнан астам грант бөлінген.

«Ең көп грант инженерлік және техникалық бағыттарға бөлінді. Сонымен қатар «Педагогикалық ғылымдар» және «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» бағыттарына әрқайсысына 150 сараланған гранттан қарастырылды. «Серпін» бағдарламасы аясында 2 412 грант, ал Атырау және Маңғыстау облыстарының талапкерлеріне арналған 2 500 мақсатты білім гранты бөлінді», – делінген министрлік хабарламасында.

Еске салайық, қазақстандық жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне құжат қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.

IBF боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.

Референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды?

Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді.