Елімізде әлеуметтік төлемдер 10 пайызға өседі

Үкіметте алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасы қаралады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаржы министрі Мәди Такиев еліміздің бас қаржы құжатының негізгі параметрлері туралы баяндады. Шенеуніктің айтуынша, 2026 жылы бюджет шығынының 38,7%-ы немесе 10,7 трлн теңгесі дәстүрлі түрде әлеуметтік салаға бағытталады. Сонымен қатар, келесі жылдан бастап әлеуметтік төлемдер 10 пайызға өседі, бұл инфляцияға сәйкес келеді.

«Зейнетақы мен жәрдемақы алушылар саны 288 мың адамға артады. Стипендия өседі, ал бюджет есебінен оқитын студенттер саны 19 392 адамға артады. МӘМС жарналары 2026 жылы орташа жалақы негізінде есептеледі», — деді министр Үкімет отырысында.

Премьер-министр еліміздің жаңа бюджет жобасы үш жылдық кезеңге әлеуметтік бағдарланғанын айтты.

«Президент тапсырмасына сәйкес бюджет әлеуметтік мәселелерге бағдарланған болып қалады. Сонымен қатар, экономиканың өсуін ынталандыруға бағытталған шығындар да ұлғайтылады», — деді Олжас Бектенов.

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.

Қазақстанда биыл қанша баспана салынатыны белгілі болды 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында елдегі тұрғын үй құрылысының көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сарапшы Қазақстанға төнетін қауіп жайлы айтты 

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және Әзербайжанның Нахичевань қаласындағы әуежай аумағына ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауы өңір елдеріне төнуі мүмкін қауіптерді қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Қазақстанда күн күрт суытып, аяз -30 градусқа дейін жетеді

Қазақстанның бірнеше өңірінде 10–11 наурыз күндері ауа температурасы күрт төмендейді. Синоптиктердің болжамынша, түнде кей жерлерде минус 30 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Қазақстанда әйелдер көп пе, ерлер ме? Ресми статистика жарияланды 

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының соңғы деректері еліміздегі әйелдер мен ерлердің санына қатысты нақты мәліметтерді ұсынды.