12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Елімізде қанша ҰОС ардагері бар?

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының қанша ардагері бар екені белгілі болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда 83 048 ардагер тұрады, оның ішінде:

  • Ұлы Отан соғысының 111 ардагері,
  • жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 16 796 ардагер,
  • басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарының 26 553 ардагері,
  • 39 588 ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері бар.

2025 жылы бұл санаттардағы азаматтарға 4,3 млрд теңге сомасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленген. 2025 жылы осы мақсаттарға 17 млрд теңге қарастырылған.

Республикалық бюджеттен берілетін ай сайынғы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ардагерлердің барлық санатына өзге де әлеуметтік төлемдерді алуына қарамастан мынадай мөлшерде төленеді:

1) ҰОС ардагерлеріне 16 АЕК (2025 жылы 62 912 теңге);

2) жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, олардың ішінде:

  • ҰОС кезеңінде жарақат алуы, мертігуі немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдарға 7,55 АЕК (2025 жылы 29 687 теңге);
  • жеңілдіктері бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға 6,19 АЕК (2025 жылы 24 339 теңге);

3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, оның ішінде:

  • Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға 6,19 АЕК (2025 жылы 24 339 теңге);
  • Тәжік-Ауған учаскесінде ТМД шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі міндеттерді орындаған, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге 4,8 АЕК (2025 жылы 18 874 теңге);

4) ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне 2,13 АЕК (2025 жылы 8 376 теңге).

Многоженство: традиция или стереотип? 

В КАЗАХСТАНЕ ВНОВЬ ВСПЫХНУЛИ ПУБЛИЧНЫЕ ДЕБАТЫ О ЛЕГАЛИЗАЦИИ МНОГОЖЕНСТВА...

Пәтерді жалға алу қай жағдайда ипотекадан тиімдірек

Қазақстандықтар жиі тұрғын үйді жалға алу мен ипотека рәсімдеу арасында таңдау жасап жатады. Бірақ бұл таңдау әрдайым анық емес және белгілі бір қаржылық жағдайларға байланысты болады.

7 қарашаға арналған валюта бағамы

ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды.

Биыл Қазақстан кітапханаларына 37 млн оқырман барған

Қазақстанда кітап оқуға деген қызығушылық айтарлықтай артып келеді.

Елімізде тұтынушылық кредитке жаңа шектеулер енгізіледі

Кейбір нормалар былтыр және биыл қабылданған, ал жаңа заңдағы жаңалықтар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.