12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Еліміз азық-түлік бағасын қалай ұстап тұр?

Бір литр май мен бір қап ұн — бүгінде әр отбасының күнделікті шығынын өлшейтін басты көрсеткіштердің бірі. Ал Еуразиялық экономикалық комиссияның соңғы есебі Қазақстанда бұл өнімдердің бағасы көршілес елдерге қарағанда әлі де қолжетімді деңгейде екенін айқындап отыр. Сауда және интеграция министрлігі BAQ.KZ редакциясының ресми сауалына берген жауабында елде баға тұрақтылығын сақтау үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын түсіндірді.

Қазақстан – азық-түлік қолжетімділігі бойынша көшбасшылар қатарында

Ресми мәліметке сәйкес, маусым айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы Қазақстанда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің орташа деңгейінен төмен.

Күнделікті тұтынылатын негізгі өнімдер – күнбағыс майы, жұмыртқа, қант, тұз, қарақұмық, күріш, ұн, нан, картоп, пияз, сәбіз және қырыққабат – Одаққа мүше елдердің ішінде ең арзан бағада сатылады.

Мәселен:

  • сиыр еті мен сүт қолжетімділігі бойынша – Беларусьтен кейінгі 2-орын;
  • құс еті – Беларусь пен Ресейден кейінгі 3-орын;
  • сары май бағасы – Қырғызстаннан кейінгі 3-орын.

Бұл деректер елдің азық-түлік саясатының тиімділігін көрсетіп, нарықтағы ішкі тепе-теңдік пен тұрақтылықтың сақталғанын дәлелдейді.

Қазақстан ЕАЭО қатысушы елдерінің ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бойынша ең қолжетімді бағаларды ұстап тұр, – делінген Сауда және интеграция министрлігінің ресми жауабында.

Сиыр еті қаншадан?

  • 2023 жылдың желтоқсанында сиыр етінің (жауырын және төс бөлігі) орташа бағасы – 2 506 теңге/кг болса,
  • 2024 жылдың қыркүйегінде – 2 549 теңге,
  • ал желтоқсан айында – 2 572 теңге болған.

Яғни бір жыл ішінде баға айтарлықтай өзгермей, тұрақты деңгейде сақталған.

Бұл өсім жанар-жағармай мен электр энергиясы тарифтерінің қымбаттауына қарамастан байқалды.

Кей кезеңдерде өнім тіпті өзіндік құнынан төмен бағамен сатылған. Бұл – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын ұстап тұру үшін қабылданған шаралардың нәтижесі.

Аймақ елдерімен салыстырғанда:

  • Ресейде – 10 180 теңге,
  • Өзбекстанда – 5 227 теңге,
  • Арменияда – 5 112 теңге,
  • Тәжікстанда – 6 070 теңге,
  • Беларусьте – 4 480 теңге.

Осылайша, Қазақстандағы сиыр еті бағасы өңір елдерімен салыстырғанда ең қолжетімді деңгейде қалып отыр.

Нарық заңы: баға мен мемлекеттік бақылау

Қазақстан – нарықтық экономикасы бар ел. Баға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына тәуелді болғанымен, Үкімет әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру үшін нақты шаралар қабылдап отыр.

Сауда және интеграция министрлігі бекіткен арнайы тізімге:

  • ұн, нан, макарон, өсімдік майы, ет, сүт, қант және басқа да жиі тұтынылатын тауарлар кіреді.

ЕАЭО елдерінің ішінде ең төмен бағалар күнбағыс майы, жұмыртқа, қант, тұз, қарақұмық, күріш, ұн, нан, картоп, пияз, сәбіз және қырыққабат сияқты тауарларға тән, – деп хабарлады ведомство.

Көкөніс бағасы

Тамыздың басынан бері көкөніс өнімдері бойынша баға өсімі орта есеппен 2,5 есе баяулаған.

Мысалы:

  • картоп – шілдедегі 300 теңгеден бүгінде 140–170 теңгеге дейін төмендеді;
  • сәбіз – 295 теңгеден 179 теңгеге;
  • пияз – 222 теңгеден 129 теңгеге дейін арзандады.

Сондай-ақ:

  • сүт өнімдерінің бағасы жыл басынан бері бар болғаны 5,3% ғана өскен;
  • қарақұмық – 8,9%, бірақ оның үлесі тұтыну себетінде аз;
  • ал макарон, ұн және күріш өткен жылмен салыстырғанда арзандаған.

Бағаға бақылау мен делдалдық тізбек

Мемлекет бағаны тікелей шектемейді, бірақ әділетсіз үстеме мен делдалдық тізбекті қатаң бақылайды.

Сауда үстемесін 15%-дан асырмау – шекті бұзған кәсіпкерлерге айыппұл салынады.

2024 жылы 2 191 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 39,6 млн теңге айыппұл салынған.

Электрондық шот-фактуралар арқылы тауар жеткізу тізбегі сараланып, 345 тиімсіз делдал нарықтан шығарылды.

Тұрақтандыру қорлары мен «айналым схемасы» – өңірлерде бағаның маусымдық өсуіне жол бермеу үшін алдын ала қор жасақталады.

Сыртқы сауданы реттеу – сиыр еті бағасын қорғау мақсатында мамыр-қазан аралығында ірі қара мал экспортына уақытша шектеу енгізілді.

Өндірушілермен меморандумдар – жұмыртқа, май, тұз және картоп өндірушілермен жасалған келісімдер өнім тапшылығы мен бағаның өсуін болдырмауға ықпал етті, — дейді жауапты ведомство.

Баға саясатына әсер ететін факторлар

Министрліктің мәліметінше, бағаға әсер ететін негізгі себептер:

  • импорттық шикізатқа және жабдықтарға тәуелділік;
  • көлік пен логистикалық шығындардың өсуі;
  • әлемдік нарықтағы баға ауытқуы;
  • климаттық және геосаяси жағдай.

Мысалы, ет пен картопқа сыртқы сұраныстың артуы ішкі нарықтағы бағаға да әсер етеді. Сондықтан Үкімет тұрақты мониторинг жүргізіп, қажет болған жағдайда интервенциялық шаралар қабылдайды.

Қазақстанның ЕАЭО нарығындағы орны

Бүгінде Қазақстан – Еуразиялық экономикалық одақ елдері ішінде баға тұрақтылығы мен азық-түлік қолжетімділігін қатар сақтап тұрған санаулы мемлекеттің бірі.

Баға тұрақтылығы тек бақылау арқылы емес, өндіріс пен өңдеу саласын дамыту, логистика мен сауда жүйесін жаңғырту есебінен қамтамасыз етілуде.

2024 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 8,3 трлн теңгеге жетті. Майлы дақылдар мен картоп егісі артқан, мал басы мен сүт өндірісі көбейген. Бұл үрдіс елдің азық-түлік қауіпсіздігін күшейтіп, нарықтағы тұрақтылыққа оң әсер етті.

Қазақстан бүгінде ЕАЭО кеңістігінде азық-түлік бағасының қолжетімділігі және нарық тұрақтылығы бойынша алдыңғы үштікке кіреді. Бұл — жүйелі мемлекеттік саясат пен бизнес пен билік арасындағы тиімді серіктестіктің нәтижесі. Баға нарық заңына бағынғанымен, елде әлеуметтік әділдік пен экономикалық тепе-теңдік сақталып келеді, — дейді министрлік өкілдері. 

Егер осы бағыт сақталса, Қазақстан алдағы жылдары өңірлік азық-түлік қауіпсіздігінің сенімді тірегіне айналуы мүмкін.

“Каспий тартылып бара жатқанын білесіздер“. Президент түркі мемлекеттеріне үндеу жасады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитінде сөз сөйледі.

Президент Цифрлық инновациялар орталығын құруды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитінде сөз сөйледі.

Көк-Жайлау: битва за душу города

ВОПРОС О СТРОИТЕЛЬСТВЕ ГОРНОЛЫЖНОГО КЛАСТЕРА В УРОЧИЩЕ КӨК-ЖАЙЛАУ, НА...

Исатай СМАТОВ, Маңғыстау облыстық соты әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы: «СОТТАҒЫ ӘР БАСТАМА – ҮЗДІКСІЗ ІЗДЕНІС ПЕН ТЫНЫМСЫЗ ЕҢБЕКТІҢ ЖЕМІСІ»

– Сот саласы елдегі əділдік пен заңдылықтың кепілі болғандықтан артылар жауаптылық үлкен. Бұл құрылымда үнемі жаңа реформалардың қолға алынып, жаңа бастамалардың жиі енгізілетіні де сондықтан. Саланы жаңғырту бойынша атқарылған жұмыстардың нəтижесі қандай? Жаңашылдықтар сот жүйесіне серпін бере алып отыр ма?

ЗАМАНА ЖҮГІН АБЫРОЙМЕН АРҚАЛАҒАН АЗАМАТ

Сот саласындағы аса қадірлі әріптесімнің бірі, мәртебелі заңгер Нұрсерік Кәрімұлы Шәріповтің біздің ортамыздағы жолы да, жөні де бөлек.