Елена Рыбакина Уимблдондағы жеңісінен кейінгі бірінші матчте жеңіліп қалды

Әлемдік рейтингте 23-орында тұрған Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина АҚШ-тың Сан-Хосе қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирі стартында әлемнің 12-ракеткасы ресейлік Дарья Касаткинаға есе жіберді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Рыбакина бірінші сетті 6:1 есебімен сенімді жеңсе, келесі екеуінде жеңіліс тапты — 2:6, 0:6. Кездесу 1 сағат 43 минутқа созылды.

Теннисшілер өзара үшінші рет кездесіп, текетіресте Касаткина алға шықты – 2:1. Екінші айналымда, яғни 3 тамызда ресейлік теннисші америкалық Тейлор Таунсендпен кездеседі.

Айта кетейік, бұл Рыбакина «Уимблдондағы» жеңісінен кейін қатысқан алғашқы матч болатын.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...