Елемеген билік пе, Сағынтаев па?

Алматының бұған дейінгі әкімдері қала тұрғындарының кейбір өтініштерін мүлдем қаперге аламаған, деп хабарлайды kznews.kz сайты orda.kz порталына сілтеме жасап.

2020-2021 жылдар аралығында облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың басқаруымен eGov Open Dialogue порталы арқылы 4,4 мың сұраныс жіберілген. Оның ішінде әкімдік 42%-ға ғана жауап берсе, қалған 58%-ы қараусыз қалдырылды – бұл 2,5 мың өтініш, деп хабарлайды Ranking.kz.
Сонымен қатар, Қазақстанның басқа өңірлерінде осы кезеңде жауап тапқан өтініштердің үлесі 97 пайыздан асады.
Әкімдіктің кері байланысы белсенділік танытпаған еді. Сонымен қатар, зерттеушілер жауаптардың сапасының төмендігін де атап өтеді. 2020-2021 жылдар аралығында азаматтардың әкімдіктен алған жауаптарының 44,4%-ы қала тұрғындарын қанағаттандырмаған.
Жауапсыз қалған өтініштердің үлесі әлеуметтік және қоғамдық сипатта болған. Өтініштердің  ШОБ мәселелері бойынша 47%-ы, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша – 62,7%-ы, мемлекеттік органдар жұмысы бойынша – 63,1%-ы, құрылыс және тұрғын үй мәселелері бойынша – 63,5%-ы жауапсыз қалған.

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.

Қазақстанда биыл қанша баспана салынатыны белгілі болды 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында елдегі тұрғын үй құрылысының көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сарапшы Қазақстанға төнетін қауіп жайлы айтты 

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және Әзербайжанның Нахичевань қаласындағы әуежай аумағына ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауы өңір елдеріне төнуі мүмкін қауіптерді қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Қазақстанда күн күрт суытып, аяз -30 градусқа дейін жетеді

Қазақстанның бірнеше өңірінде 10–11 наурыз күндері ауа температурасы күрт төмендейді. Синоптиктердің болжамынша, түнде кей жерлерде минус 30 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Қазақстанда әйелдер көп пе, ерлер ме? Ресми статистика жарияланды 

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының соңғы деректері еліміздегі әйелдер мен ерлердің санына қатысты нақты мәліметтерді ұсынды.