Электрсамокатшылар көлік жүргізушілеріне теңестіріледі — ІІМ

Электрсамокатшылар енді көлік жүргізушілеріне теңестіріледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Астанада өткен брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев мәлімдеді. Мұратәлиев бұған дейін Сауда және интеграция министрлігі «электрсамокат» тұжырымдамасына стандарттар әзірлегенін еске салды.

«Бізде жол қозғалысы туралы заңда да, жол қозғалысы ережелерінде де «электрсамокат» ұғымы жоқ. Сондықтан биыл сауда министрлігі «электрсамокат» ұғымы стандартын әзірлеуді аяқтады. Енді осы стандарт негізінде «Жол қозғалысы туралы» Заңға және жол қозғалысы ережелеріне өзгерістер енгіземіз. Осыдан кейін әкімшілік шаралар қолданылады. Қазіргі уақытта олар (электрсамокатшылар — еск.) көлік құралының жүргізушілері ретінде емес, «жол қозғалысының өзге қатысушылары» ретінде ғана жазаланады», — деді ІІМ ӘПК төрағасының орынбасары.

Оның айтуынша, велосипедшілерге қатысты да әкімшілік шаралар қолданылады. Мұратәлиев жыл басынан бері елімізде 216 мың жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Бұл статистикаға велосипедшілер мен электрсамокатшылар да кіреді. Себебі жол қозғалысы ережелеріне сәйкес бұл көлік құралдарының иелері белгіленген жерлерде жаяу жүру тәртібімен ғана өтуі керек.

Апостильдің халықаралық құқықтағы маңызы

Жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы, некеге...

Кассациялық сатыдағы іс жүргізудің ерекшеліктері

Кассациялық саты – сот төрелігі жүйесіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз...

Конституция – әділетті қоғамның негізі

Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесінің өзегі және...

Медиация – дауларды бейбіт жолмен шешу өнері

Бүгінде сот төрелігінің негізгі мақсаты тек сот шешімін шығару...

Атқару құжаттарын орындауға жіберу мерзіміндегі өзгеріс

Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына енгізілген өзгерістер сот актілерін орындау рәсімін жетілдіруге бағытталған маңызды жаңашылдықтардың бірі болды. 2026 жылғы 24 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер...