ЭЛЕКТРОНДЫ СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖАҢҒЫРТУ

Сот төрелігі – заңмен белгіленген іс жүргізу тәртібі арқылы жүзеге асырылатын маңызды мемлекеттік қызмет. Оның басты мақсаты – азаматтық және қылмыстық істерді әділ қарап, шешу, сондай-ақ азаматтардың, ұйымдардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Бүгінгі таңда ғылым мен техниканың қарқынды дамуы сот жүйесіне де оң әсерін тигізіп, дамыған елдерде қағазбастылықтан арылып, электрондық сот өндірісіне көшу үдерісі кеңінен жүзеге асуда.

Қазақстан Республикасында сот жүйесін жетілдіру бағытында ауқымды реформалар жүргізіліп, олардың нәтижесінде сот қызметінің сапасы айтарлықтай артты. Қазіргі уақытта еліміздің сот жүйесі цифрлық форматқа көшіп, ашықтық пен жариялылық қағидаларын тиімді жүзеге асырып отыр. Сандық технологияларды енгізу сыбайласэлектронжемқорлықтың алдын алуға да өз ықпалын тигізуде. Бұл – уақыт талабына сай қабылданған жаңашыл бастамалардың нақты нәтижесі.

Сот билігінің беделін арттыру, қоғамның сотқа деген сенімін нығайту, әділдік пен бейтараптықты қамтамасыз ету мақсатында сот процестерінде аудио-бейнежазба жүйелері кеңінен қолданылуда. Бұл өз кезегінде сот отырыстарының ашықтығын қамтамасыз етіп, құқық қорғау жүйесінің тиімділігін арттырады.

Осы бағыттағы маңызды цифрлық жобалардың бірі – «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі. Бұл – сот органдарының онлайн қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін бірыңғай электрондық платформа. Аталған жүйе арқылы азаматтар, олардың заңды өкілдері немесе адвокаттар кез келген уақытта, үйден немесе жұмыс орнынан шықпай-ақ, интернет арқылы сотқа құжат жолдап, іс барысын бақылау мүмкіндігіне ие.

«Сот кабинеті» сервисін пайдалану үшін азаматтарға электрондық цифрлық қолтаңба қажет, оны Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болады. Бұл жүйе сотқа жүгіну процесін едәуір жеңілдетіп, уақыт пен қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, талап арыз электронды түрде бірден сот базасына түсіп, қосымша өңдеуді қажет етпейді. Нәтижесінде сот қызметкерлерінің жұмысы жеңілдеп, азаматтармен тікелей байланыс азаяды, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге ықпал етеді.

Интернетке қолжетімділігі шектеулі азаматтар үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарында арнайы электрондық бұрыштар ұйымдастырылған. Бұл барлық азаматтардың сот қызметіне тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қорыта айтқанда, елімізде сот жүйесін цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сот төрелігінің сапасын арттыруға, оның ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қоғамның сотқа деген сенімін нығайтуға зор ықпал етуде. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы реформалар жалғасын тауып, сот жүйесі одан әрі жетілдіріле беретіні сөзсіз.

Қызылорда қаласының №2 сотының бас маманы Б.Алжанова

5 наурыз – Алаштың ардақтысы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 160 жыл

Егер қазақ даласының шексіз жазығында бір адамның есімі бүкіл...

Без перспектив в диалоге

ГЛАВА ИРАНСКОГО МИД АББАС АРАКЧИ ОБРАТИЛСЯ К ИСЛАМСКИМ ГОСУДАРСТВАМ...

Модернизация дает результат

РАЗВИТИЕ СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА Г. ШЫМКЕНТА ПОКАЗЫВАЕТ ОБНАДЕЖИВАЮЩИЕ РЕЗУЛЬТАТЫ И...

Этап боевой учебы

ВАЖНЫМ СОБЫТИЕМ В УКРЕПЛЕНИИ ОБОРОНОСПОСОБНОСТИ СТРАНЫ СТАЛА РЕФОРМА ТАКТИКО-ОГНЕВОЙ...