Электрондық бақылау құралдарын пайдалануды оқыту және электрондық мониторинг платформалары

«Кар-Тел» ЖШС мамандары пробация қызметінің қызметкерлерімен электрондық бақылау құралдарын және электрондық мониторинг платформасын пайдалану бойынша онлайн-форматта (ZOOM) арқылы оқыту жүргізді.

Электрондық бақылау құрылғысының жұмыс принципі білезік белгілі бір қашықтыққа кодталады, одан әрі адамға кетуге тыйым салынады. Құрылғы бақылаудағы адамның қозғалысын тәулік бойы бақылауға көмектеседі. Егер бақылаудағы адам рұқсат етілген шекараны кесіп өтсе немесе тұрғын үйден дұрыс емес уақытта кетсе, құрылғы бағыттаушы инспекторға сигнал жібереді. Білезік адамның үй-жайға кіру және шығу уақытын белгілейді, сондай-ақ кестені сақтамаумен немесе құрылғыны зақымдау әрекеттерімен байланысты құқық бұзушылықтарды тіркейді.

Осылайша, электрондық білезіктерді енгізу және қолдану пробация қызметінің қызметкерлеріне есепке алынған тұлғалардың бұзушылық фактілеріне жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

СҚО Петропавл калалық пробация қызметі
бөлімінің аға инспекторы
әділет капитаны М.С. Сүйіндіков

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...